қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.05.2024

Жаратылыстану және география факульетінің 4-ші курс студенттері үшін педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы


2024 жылдың 13 мамырында Жаратылыстану және география факультетінің «6В01513-Биология», «6В01514-Биология» білім беру бағдарламаларының 4-ші курс студенттеріне арналған педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға факультет деканының орынбасары Нұрсулу Жүсупбекова, педпрактика жетекшілері, студенттер қатысты.

 

Студенттер педпрактика барысында берген сабақтары мен атқарған жұмыстарын көрнекі түрде көрсетіп, есептерін берді. Практика барысында Алматы қаласының мектептерінің басшылығы студенттердің білімін жоғары бағалап, 5 студентті жұмысқа қабылдады. Барлық студенттер жалпы педагогикалық тәжірибеге риза және болашақта жалпы білім беретін мекемелерде жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

 

Конференцияда практикаға жауапты тұлға Гүлжанат Камиева студенттерге білім беру мекемелерінің басшылары берген мақтау қағаздарын табыс етті.

 

  alt=  

  alt=