қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.05.2024

Түрікменстаннан келген шетелдік студенттер Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде

 

2024 жылдың 10 мамырында Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент пен Педагогикалық шеберлік академиясы «Тәлімгерлік мектебінің» ұйымдастыруымен Түрікменстаннан келген шетелдік студенттер «Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасы аясында Ықылас Дүкенұлы атындағы музыкалық аспаптар музейіне танымдық саяхат жасады.

 

Шетелдік студенттер Орта Азия аумағындағы алғашқы болып құрылған және дүниежүзі бойынша халық музыка аспаптарына арналған бесінші музей ретінде әлемдік музейлер тарихында өз орнын айшықтаған, әлемнің 34 елінің музыкалық мәдениетімен таныстыратын мұражайдың 1000-нан астам экспонаттарын тамашалады.

 

Сонымен қатар, студенттер аталған музейдегі 7 экспозициялық зал: халық музыкасының бастауы залы, үрмелі, соқпалы-шулы аспаптар залы, шеберлер залы, мемориалдық қобыз залы, домбыра және қобыз залы, түркі халықтарының музыкалық мұрасы залы, әлем халықтарының аспаптары залымен танысып, әр экспозициялық залдағы аспаптардың жасалу жолы, тарихы мен сол аспапта ойнаған атақты күйшілер туралы ақпарат алды.

 

  alt=  

  alt=  

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент