қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.05.2024

«Алматы музейлеріне саяхат»: студенттер Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйіне барды

 

2024 жылдың 10 мамырында Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент пен Педагогикалық шеберлік академиясы «Тәлімгерлік мектебінің» ұйымдастыруымен Филология факультетінің 1-курс студенттері «Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйіне барды.


Музейге барған студенттер қоғам қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өміріне байланысты мұрағаттық материалдармен танысып, түрлі құжаттар, қолжазба мұралары мен фотосуреттерді тамашалады.


Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйі төрт бөлме және бір жертөледен тұрады. Оның бір бөлмесі - ахметтану дәрісханасы. Үш залда ғалымның шығармашылық ғұмырына қатысты экспонаттар жасақталған. Бірінші зал: «Ұлттық рухымыздың қайта оралуы», екінші зал: «Қазақ санасының шамшырағы», ал үшінші зал: «Саясат құрбаны» деп аталып, онда ғалымның істі болған, түрмедегі кезеңдері қамтылған.


Айта кетейік, «Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасы 06-25 мамыр аралығында өз жалғасын табады. Арнайы жоба аясында университеттің 1-2 курс студенттері «Алматы қаласы музейлер бірлестігіне» қарасты Алматы қаласы тарихы музейі, Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А.Қонаев музейі, Н.Тілендиев мемориалдық музейі, С.Мұқанов және Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби мемориалдық музей кешені, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі экспозицияларымен танысуға барады.

 

  alt=  

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент