қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.05.2024

Абай университетінің студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби мемориалдық музейіне барды


2024 жылдың 10 мамырында Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент пен Педагогикалық шеберлік академиясы «Тәлімгерлік мектебінің» ұйымдастыруымен Филология факультетінің студенттері «Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасы аясында Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби мемориалдық музейіне барды.

 

Музейге барған студенттер қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығына қатысты мұрағаттық материалдар, оның ішінде қолжазбалар мен фотосуреттерді көріп, әдеби-мәдени мұраларын тамашалады. Сонымен қатар жазушының балалық шағы, білімі, отбасы туралы тың мәліметтермен танысты. Сондай-ақ, студенттер Ғ.Мүсірепов сценарийін жазған «Амангелді», «Қыз Жібек», «Бір рет және өмір бойы», «Қауын» фильмдерін көрсету үшін арнайы ашылған кинозалын да көрді.

 

Филология факультетінің студенттерін Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби мемориалдық музейіне апарудағы мақсат - қазақ әдебиетінің қанат жаюына, қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының дамуына зор үлесін қосқан қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы таныту болды.

 

  alt=  

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент