қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.05.2024

«Қайта өңдеу: халықаралық деңгей» жобасы аясындағы семинарлар сериясы

 

2024 жылдың 30 сәуірі мен 4 мамыр аралығында Алматы қаласының мектепке дейінгі ресурстық орталығы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қалалық әдіскерлері, докторанттары мен магистранттары үшін «Қайта өңдеу: халықаралық деңгей» жобасы (Сингапур) аясында әдістемелік семинарлар ұйымдастырды.

 

30 сәуір тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №123 арнайы балабақша КММ-де «Табиғатпен дос бол» тақырыбында семинар жүргізілді. Семинар аясында, қайта өңделген қағаз материалдарынан мастер-класс, «Балабақша қабырғасындағы Сингапурлық элементтер» атты танымдық экскурсия және қағаз қалдықтарын екінші қайтара өңдеуден жасалған көрме өткізілді. Балалар мен қоқыс ханшайымының «Табиғатты аялайық!» қойылымы, «Қағаз биі» көрермендердің ықыласына бөленіп, балалар мен ата-аналардың қатысуымен өткен газет, полиэтилен пакеттері және басқа да қағаз қалдықтарынан жасалған костюмдар ұсынылды.

 

Келесі семинар 3 мамырда №147 бөбекжай-балабақша МКҚК-де «Балабақша - тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында өтті. Онда дамытатын, интерактивті, балабақшадағы заттық-дамытушы ортадағы сенсорлы қабырғаларды қамтитын «Сөйлейтін қабырғалар» технологиясы, сонымен қатар, балалар мен ата-аналар, педагогтардың қатысуымен бірлескен шығармашылық «Ертегіге саяхат» тақырыбында театрландырылған қойылымы ұсынылды.

 

Семинар соңында сараптау комиссиясының мүшелері: Абай университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Г.Т. Абитова, Алматы қаласындағы Түрксіб ауданының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің бас маманы М.Н.Доскеева, аға оқытушы С.Ж. Еркебаева және Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру ресурстық орталығының басшысы Н.В. Карасева жобаның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Семинар қатысушылары болашаққа деген жаңа стратегияларды құрып, шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=