қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.05.2024

Абай университетінің студенттері Алматы музейінде


2024 жылдың 6 мамырында Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент пен Педагогикалық шеберлік академиясы «Тәлімгерлік мектебінің» ұйымдастыруымен университет студенттері «Алматы музейлеріне саяхат» атты тәлімгерлік жобасы аясында Алматы музейіне барды.

 

Бүгін Алматы музейінде Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерліктің өшпес даңқы» атты көрменің ашылуы өтті. Музейге барған Тарих және құқық институтының студенттері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер әскери-тарихи музейінің және Алматы музейінің қорынан алынған жәдігерлерді тамашалады.

 

«Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасының мақсаты - шалғай аймақтардан келген студенттерді Алматының бай тарихы, құнды мәдениеті мен асыл руханияты жинақталған рухани-материалдық құндылықтарымен таныстыру, білім алушылардың мәдени әлеуетін күшейту, тұлғалық-азаматтық қасиеттерге тәрбиелеу, жас көрерменнің музейге бару мәдениетінің қалыптастыру болды.

 

«Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасы 06-25 мамыр аралығында өз жалғасын табады.

 

                

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент