қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.05.2024

«Қазақстан Республикасында жаратылыс-ғылыми білім беруді дамыту: мәселелері мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы


2024 жылдың 03 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультеті Педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Данагүл Мұқажанқызы Қазақбаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан Республикасында жаратылыс-ғылыми білім беруді дамыту: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Конференцияның баяндамалары ретінде ғылыми-әдістемелік және қолданбалы сипаттағы жұмыстар ұсынылды. Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:


1. Әлемдегі және Қазақстандағы жаратылыс-ғылыми білім берудің қазіргі жағдайы: мәселелері мен шешу жолдары;
2. Жаратылыс-ғылыми білім беруді дамытудағы цифрландыру және педагогтың кәсіби құзыреттілігі;
3. Д.М. Қазақбаеваның еңбектеріндегі жаратылыс-ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы.


Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Конференция ашылғанға дейін материалдар электронды және қағаз жинақта жарияланып, электронды нұсқа сайтқа орналастырылды www.kaznpu.kz

 

Конференция барысында Д.М. Қазақбаеваның «Өмір иірімдері» атты кітабының тұсау кесері өтті.

 

  alt=  

  alt=