қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.05.2024

«Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқыту ерекшеліктері» ғылыми семинар


2023 жылдың 6 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Ғылым декадасы» аясында Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен «Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқыту ерекшеліктері» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарды Филология факультеті директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары А.Ә.Найманбаев алғы сөзбен ашып, кафедраның кезекті іс-шарасына сәттілік тіледі. 

 

Семинарда «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі Ж.Ж. Абдрахимова аталған тақырып бойынша баяндама жасады.

 

Семинарға «Шығыс филологиясы және аударма» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Спикердің баяндамасына студенттер тарапынан қатты қызуғышылық танытып, соңында қызу пікір алмасу болды. Семинарды  «Шығыс филологиясы және аударма» кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева қорытындылап, өзекті тақырып бойынша өте мазмұнды және қызықты баяндама жасағаны үшін Ж.Ж.Абдрахимоваға университет ректоры атынан Алғыс хат пен сыйлық табыстады.