қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.05.2024

«Ардагерлерімізді ардақтайық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

 

2024 жылдың 3 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілептің бастамасымен Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменттің және университет қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен 9 мамыр - Жеңіс Күнінің қарсаңында «Ардагерлерімізді ардақтайық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.


Шара барысында университет қабырғасында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған, Ұлы Отан Соғысының, еңбек майданы және тыл ардагерлеріне, ауған соғысының ардагерлері және қауіптілігі жоғары аймақта қызмет атқарған сарбаздарға арнайы құттықтау хаты жолданып, ардагерлерге университет тарапынан ақшалай көмек көрсетілді. Сонымен қатар арнайы әзірленген азық-түлік себеттер табысталды.


Өз кезегінде, университеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов университет басшылығы тарапынан ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрмет-қамқорлығы үшін алғысын жеткізді.


Қайырымдылық акциясы екі күні бойы жүргізілді. Шара барысында еріктілер мен белсенділер тобы университет ардагерлерін тұрғылықты мекен-жайлары бойынша құттықтап, аталған сый-сияпаттарды табыстайтын болады.

 

  alt=  

  alt=  

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент