қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.05.2024

Абай университетінің студенттері «Исаев оқуларынан» жүлделі оралды

 

2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қазақтың белгілі тілші ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор С.М.Исаевтың құрметіне республикалық «Исаев оқулары» өтті.


Конференцияда Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Абдилда Мерейдің «Қазақ тілі сабағында оқушылардың тіл байлығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» баяндамасы (жетекшісі аға оқытушы Қ.О.Сейталиева) - 1 орынды, 4 курс студенттері Мұрат Айбота, Сәмет Аяулым, Шерязданова Гульчехра «Lesson study әдісінің теориялық негізі мен тұжырымдамасы» баяндамасы (жетекшісі phD доктор, аға оқытушы Қ.Ш.Балабекова) - 2 орынды, 1 курс студенттері Қанатқызы Ақбота, Балға Айкөркем, Сағитжан Айнагүл, Жандос Ақзер «Тілдік бірліктердегі бағалауыштық мән» баяндамасы (жетекшісі ф.ғ.д. проф. Б.Қасым) - 3 орын иеленді.

 

  alt=  

  alt=