қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.05.2024

«Жол» көрмесі

 

2024 жылдың 26 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты көркем білім кафедрасының доценті, белгілі суретші Мәлік Қайдаров «Жасампаз» көрме залында өз студенттерінің «ЖОЛ» топтық көрмесін ұйымдастырды. Кештің шымылдығын Өнер, мәдениет және спорт институты директорының м.а. Кәрім Байғұтов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ал, өз кезегінде сөз алған Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Темірхан Ордабеков және Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Қуандық Түменбай көрмеге қойылған картиналар, онда бейнелеген суреттердің қоғамдағы маңызы туралы айтып, барша университет ұстаздары мен студенттерін көрмені тамашалауға шақырды.

 

Көрме өз келушілері үшін осы жылдың 26 мамырына дейін жалғасады.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=