қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Халықаралық ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
30.11.2017

ҚазҰПУ-да «Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы ашылды

 

2017 жылдың 30 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы ашылды.

«Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен ҚазҰПУ-дың Байқау кеңесінің шешіміне сәйкес, ректор Такир Балықбаевтың бастамасымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және білім беру жүйесін өзгерту туралы тапсырмаларды орындау аясында құрылды.

«Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығын салтанатты түрде Университет ректоры Такир Балықбаев пен Алматы қаласы Медеу ауданының әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев ашты.

Такир Балықбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ашылған сандық қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатымен құттықтады. Сөз кезегінде Ғани Майлыбаев: «Бүгінгі «Шапағат» орталығының ашылуы киелі қара шаңырығымыздағы айтулы оқиға. Бұл Такир Оспанұлының Университет қызметін жаңаландыру бағытына қосқан үлесі. Студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы қоғаммен байланысты жетілдіру, яғни студенттердің уақытын, қаржысын үнемдеу мақсатында жасалынып жатқан жаңа жүйе» деп атап өтті.

Іс-шара барысында ректор орталықтың қызмет көрсету жүйесімен таныстырды. «Шапағат» орталығы білім беру, мәдени- демалыс, әлеуметтік қызметтер көрсететін секторлар мен бөлімшелерден тұрады. Көпфункциональды секторлардың бірі «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс атқаратын «Оқу секторы» болып табылады. Мұнда студенттер, магистранттар мен докторанттар студенттік, халықаралық академиялық ұтқырлық секторы, тіркеуші кеңсесі, паспорт үстелі, еңбекпен қамту және Астана банкі мен қаржы және т.б. қызмет бөлімдері ұсынылып, арнайы мамандардың қолдауына ие болатын болады.


Аталмыш орталықта орналасқан «Астана Банк» АҚ өкілдері студенттерге «мобильдік ұсыныс» бойынша қызмет көрсетеді. Студенттер оқу ақысын мобильдік телефон арқылы төлейтін мүндіктерге ие болды. Шәкіртақыларын «Gold» картасымен және жеке тұлғаларға арналған «мобильдік ұсыныс» арқылы қызметтер көрсетілетін болады. Қаржы тапшылығынан оқу ақысын төлей алмаған студенттің ата-анасына арнайы жеңілдікпен несие беріледі. Банк тарапынан студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығындағы «Астана банк» АҚ өкілдері жүзеге асырады.


«Шапағат» орталығында студенттер, магистранттар, докторанттар және ата-аналар қажетті құжаттарды, ауысу, қабылдау сынды анықтамалар, білім беру бағдарламалары бойынша кеңестер, қаржылық және басқа да сұрақтар бойынша ақпараттар алатын болады.

 

  

 

   

 

    

 

  

 

 

 

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі



575

Кері оралу