қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.05.2024

Демалыс пен білімді ұштастырған тур


2024 жылдың 1-2 мамыр күндері Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және Құқық институты дінтану-саясат мамандығынің бірінші курс студенттері еліміздің оңтүстік өңірлеріне ғылыми зерттеу турын өткізді. Студенттер тур барысында киелі орындарды, кесенелерді, тарихи орындарды аралап, тарихи жәдігерлермен танысты. Студенттер теориялық білімді тәжірибеде жүзеге асырып қана қоймай, сапар барысында Арыстан баб, Ахмет Яссауи, Айша бибі кесенелерін зерттеп, зерделеді. Жер астындағы жұмбақ мешіт - Ақмешітті зиярат етті. Үш облыстың шекарасынан асып өтіп, ғылым бастауы болған Фараб қалашығының орнына қарап, ой жүгіртті. Бір сөзбен айтқанда, білім алушылар университет байрағын киелі Түркістан қаласында желбіретіп, пайдалы зерттеу сапарын көңілді өткізіп келді. Кафедра эдвайзерлерінің алдағы жоспарында тарихи орындарға турларды ұйымдастыру тағы жоспарлануда.

 

Турға саясаттану және әлеуметтік пәндер кафедрасының аға эдвайзері - Жандос Уалихан жетекшілік етті.

 

  alt=