қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.04.2024

«Сабаққа презентация» халықаралық конкурсы


2024 жылдың 29 сәуірінде «Сабаққа презентация» IX халықаралық конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурс болашақ педагогтардың шығармашылық қызметін дамыту, конкурсқа қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды қолдау мақсатында 3-4 курс студенттері үшін өткізіледі. Бұл іс-шара бастауыш сынып оқушыларын оқыту үдерісіне компьютерлік ақпараттық - технологияларды енгізу қажеттілігін өзектендіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ дәстүрлі және компьютерлік оқыту әдістерін біріктіру арқылы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

 

Ағымдағы жылы конкурсқа 50 жұмыс жіберілді. Конкурстың географиясы Алматы, Самара, Бийск, Пермь, Гродно, Лида сияқты қалалармен ұсынылған.

 

Студенттер конкурстық материалдарды жеке және топтық жұмыстарға тапсырды. Қазылар алқасы презентацияның семантикалық және визуалды құрамдас бөлігінің, бірыңғай безендіру стилінің, сабақ жоспарының презентациялық материалдарға сәйкестігін атап өтті.

 

Қазылар алқасының мүшелеріне: «№ 34 гимназия» КММ бастауыш мектеп мұғалімдері - Л.Б. Карамергенова, И.С.Петрова, Н.С Тілеуова, Д.Т. Абдувалиева, Т.А.Жукова, Е.Қашағанов атындағы № 42 орта мектеп - З.С.Тилеуова, «Bilimkana-Almaty» ЖШС - А.С.Козленко, Н.Б. Шеф, Е.С. Усова, Н.Г.Бросалина, М.Г.Алексеева, А.А.Сейілбаева, Ә.Д. Әбілқасымова.

 

Конкурсқа қатысқан барлық студенттерді құттықтаймыз!

 

  alt=  

  alt=