қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
27.11.2017

Гейдельберг және Фрайбург университеттері делегациясының сапары (Германия)

 

2017 жылдың 22-24 қарашасы аралығында ДААД «Шығыс әріптестік» жобасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Гейдельберг және Фрайбург  педагогикалық университеттерінің (Германия) делегациясы келді. Делегация құрамында "Арнайы білім беру" кафедрасының меңгерушісі, профессор Кэрин Тэрфлот, лектор Ульрих Фесслер, PhD доктор Ева-Кристина Франц болды.


Неміс делегациясының келу бағдарламасына сәйкес  Абай атындағы ҚазҰПУ -дың ректоры, профессор Такир Балықбаевпен ресми кездесу өткізілді. Осы кездесу барысында «Германист институттар арасындағы әріптестік» (2011-2013 жж.) және «Шығыс әріптестігі» (2014-2017 жж.) атты жобалардың нәтижесі, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі, жас зерттеушілерге, ғалымдарға қолдау көрсету мәселелері (тағылымдамалар ұйымдастыру, біліктілікті жоғарлату), профессор-оқытушылар құрамына, білім алушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламалары, «Арнайы білім беру» мамандығы бойынша қос диплом  бағдарламасын дайындау, инклюзивті білім беру мәселесі бойынша ДААД жобаларына қатысу сынды сұрақтар сараланып, алдағы бағдарлары айқындалды.


Сапар барысында неміс ғалымдары, «Арнайы білім беру» мамандығы бойынша студенттерды даярлайтын Педагогика және психология институтының оқытушылары мен студенттеріне баяндамалар оқыды, сондай -ақ Республикалық инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығында болып, арнайы оқу қажеттіліктері бар студенттермен кездесті, сонымен қатар тірек - қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 мектеп-интернаттындағы дефектолог-студенттердің практика негізімен, түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың бейімделуіне арналған Тренинг-кафе жұмысымен танысты.

  

 

  

 

  



871

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler