қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
20.09.2013

ҚАЗАҚСТАН - СОРБОННА ФРАНЦУЗ УНИВЕРСИТЕТІ АШЫЛМАҚ

Жылдан-жылға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық қызметтестігі жедел қарқынмен дамып келеді. ИталиядаУниверситеттердің Ұлы Хартиясына(Болон) мүше болған оқу орны бүгінде әлемнің ондаған беделді университтерімен әріптестік қатынас орнатқан.

Үстіміздегі жылғы мамыр айындаАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалықуниверситетіндеҚазақ-қытай инновациялық орталығыашылса, 17 қыркүйектеосы оқу орнында «Қазақстан - Сорбонна француз университетін» ашу туралы екі оқу орны басшылары Меморандумға қол қойды. Бұл рәсімге Францияның Франкофония жөніндегі министрі ЯминаБенгиги ханым бастаған Франция делегациясы келді. Делегация құрамында Париждегі Сорбонна университетінің Президенті Жан-Франсуа Жирар, аталған жобаның иесі белгілі жазушы, қоғам қайраткері Марек Халтер және Сорбонна университетінің оқытушы-профессорлары, франциялық журналистер болды. Қазақ-француз басқосуына Француз Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері қатысты.

Қонақтарды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Жайлауұлы Пірәлиев бастаған оқу орнының өкілдері сән-салтанатпен, фольклорлық ансамбльдің орындауындағы Құрманғазының «Балбырауын» күйімен қарсы алды. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының салтанат залында өткен Меморандумға қол қою рәсімін Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Серік Жайлауұлы Пірәлиев ашып, франциялық қонақтарды таныстырды.

- Бүгін, - деді С.Ж.Пірәлиев, - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында«Қазақстан - Сорбонна француз университетін» ашу туралы екі жақты келісім-шартқа қол қоюға жиналып отырмыз. Болашақта бұл университетте Қазақстан жастары французша оқып білім алады. Мұнда Сорбонна университетінің профессорлары дәріс оқиды. Бұл, біріншіден,біздің жастарымыздың Еуропалық білім кеңістігіне шығуына, білім берудің француздық инновациялық технологияларын игеруіне, ғалымдарымыздың бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруына қол жеткізуіне, екіншіден Франция мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді. Болашақта «Қазақстан - Сорбонна француз университетінде» Орталық Азия жастарының да білім алуына кең жол ашылады

Францияның Франкофония істері жөніндегі Министрі Ямина Бенгиги Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры С.Ж.Пірәлиевке жылы жүзді қабылдауы үшін алғыс сезімін білдіріп,  «Қазақстан - Сорбонна университеті Қазақстанда ғана емес, Орталық  Азияда  бірінші  рет ашылғалы отыр, деді. - Жаңа ынтымақтастыққа, болашағы зор  жобаға қатысып, куә болғаным мен үшін зор бақыт деп санаймын».

Париж Сорбоннасының Президенті  Жан-Франсуа Жирар француздық  жоғары  оқу орны  елдегі  тарихы терең,  ең атақты  оқу орны. Оның тарихы  Франция  астанасында  ең әуелі кедей отбасыларынан шыққан  16 студенттен тұратын  діни  колледж ашылған орта  ғасырлардан бастау алады. Қазіргі  таңда  Сорбоннада  120 мың студент оқиды... Алматыда Сорбонна  университетінде  оқу 2014 жылы  басталады. Оған дейін дайындық  шаралары өткізіледі. Франциядан оқытушылар  тобы келіп, Абай атындағы ҚазҰПУ-да  лекциялар циклін өткізеді, француз  тілінде  сабақ өткізу қолға алынады. Алғашқы жылдары маркетология, әлеуметтану, саясаттану,  архитектура және дизайн  мамандықтары бойынша  мамандар даярлау  қолға алынады.

Жоба бастамашысы Марек Халтер «Қазақстан - Сорбонна француз университетінің» болашағы туралы айтты. Осыдан 20 жыл бұрын бұл университет Мәскеуде және Санкт-Петербургте ашылған еді. Қазір оның жемісін Ресейліктер көріп отыр. Келешекте Қазақстан - Сорбонна француз университеті де бүкіл Орталық Азиядағы беделді оқу орнына айналатыны сөзсіз.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуре Аманжолова франциялық қонақтарға Алматы қаласының экономикалық және әлеуметтік дамуы, білім беру саласындағы жетістіктері туралы айтып, қолға алынып отырған іске сәттілік тіледі.

Бұдан кейін ҚР Ұлттық ғылым Академиясының Үлкен залында екі жақты пікір алмасулар болды. С.Ж.Пірәлиев Француз Республикасының Франкофония жөніндегі министрі Ямина Бенгиги ханымға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Құрметті профессоры Дипломын тапсырып, профессор Мантиясын жапты. Министр көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

Франциялық атақты пианист Наталья Романенко Францияның классикалық музыка туындыларын орындады.

Мырзахан Ахмет,

Журналист.

 



870

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler