қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
18.11.2017

 

Университеттің делегациясы Назарбаев университетіне арнайы сапармен барып қайтты

 

2017 жылдың 15-16 қарашасында Республиканың стратегиялық жоо-ның ғылыми-білім беру және халықаралық тәжірибесі бойынша ақпарат тарату аясында ДБҰ "Назарбаев университетінің" Студенттер ісі және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президенті Қадиша Даированың бастамасымен және Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен университеттің Топ-менеджерлері Назарбаев университетіне іссапармен барып қайтты.


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Топ-менеджерлері (проректорлар, департамент директорлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары) үшін кампустар, жатақханалар, зертханалар мен кітапхана бойынша саяхаттар өткізілді.


Назарбаев университетінің спикерлері корпоративтік басқару, дербестік және академиялық еркіндік қағидалары, университеттің даму стратегиясы; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша сессиялар өткізді.


Қатысушылар ұлттық және халықаралық гранттарды басқару тетіктері, Назарбаев Университетінің Ғылыми-инновациялық жүйелері, ғылыми парктің жұмысы, бизнес-инкубатор, коммерцияландыру кеңсесі және халықаралық ынтымақтастық мәселелерімен танысты.


Кездесу барысында талапкерлерді, шетелдік студенттерді тарту, халықаралық білім беру көрмелеріне қатысу тәжірибесі, сондай-ақ студенттер үшін сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыру, студенттік өзін-өзі басқаруды енгізу тәжірибесі, студенттік клубтардың жұмысы, Студенттік қор - Студенттік үкімет және т.б. сынды маңызды сұрақтар қызығушылық тудырды.

 

Назарбаев Университетінен әріптестер адам ресурстарын дамыту бойынша университет басшыларына қызметкерлердің және профессор-оқытушылар құрамының  KPI (Key Performance Indicator), қызметкерлердің іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау жүйесін құру, олардың жұмысының өсуін ынталандыру механизмі, шетелдік ПОҚ тарту және жалдау жолдарымен таныстырды.

 

Назарбаев Университетіндегі кездесуден кейінгі ынтымақтастықтың келесі кезеңі Меморандумға, өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңінің басталуы болып табылатын 2017-2018 жылдарға арналған Назарбаев Университетінің тәжірибесін таратудың жол картасына қол қою болады.

 

  

 

  

 

  


Фотоматериалдар

 



1004

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler