қазақша · русский · english
   
Талапкерлерге

 

ТАЛАПКЕР - 2017 

        Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті  Өнер, мәдениет және спорт институты  бакалавриат, магистратура және докторантура бөлімдерінде арнайы педагогика және шығармашылық мамандықтар бойынша дайындайды:

Өнер, мәдениет және спорт институтының  мамандықтары (ӨМжСИ)

Бакалавриат

Мамандық

классификаторы

1

5В010700-Бейнелеу өнері және сызу

педагогикалық

2

5В010600-Музыкалық білім

педагогикалық

3

5В010800- Дене мәдениеті және спорт

педагогикалық

4

5В010400-Бастапқы әскери дайындық

педагогикалық

5

5В041300-Кескіндеме

өнер

6

5В041400-Графика

өнер

7

5В042100-Дизайн

өнер

8

5В041700-Сәндік қолөнері

өнер

9

5В040900-Хореография

өнер

 Магистратура және РhD докторантура

Мамандық

Мамандықтың бағыты

1

6М010800- Дене мәдениеті және спорт

ғылыми-педагогикалық

2

6М010700- Бейнелеу өнері және сызу

ғылыми-педагогикалық

3

6D010700- Бейнелеу өнері және сызу

ғылыми-педагогикалық

4

6М041600 - Өнертану

өнер

 

ӨМжСИ 106 ПОҚ-нан 9-мамандықтан дайыдалатын 5 арнайы кафедралардан және «Этномәдениет» орталығынан құрылады.

 

Кафедраның аталуы

Кафедраның меңгерушісі

1

Шығармашылық мамандықтар

Қожағұлов Т.М. - п.ғ.к., профессор.

2

Бейнелеу өнері және сәндік қолөнері теориясы мен әдістемесі

Сманова А.С. - п.ғ.к., қауым.профессор

3

Музыкалық білім және хореография

Ибраева К.Е. -  п.ғ.к, м.а. профессор

4

Дене мәдениеті және спорт педагогтарын даярлаудың  теориясы мен әдістемесі  

Ильясова А.Н. - п.ғ.д., профессор

5

Педагог-ұйымдастыру және бастапкы әскери дайындық 

Тәукейұлы С. - м.ғ.к.

 

        2016/2017 оқу жылында институттың негізін 1 ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, 1 Ы.Алтынсарин ат. ҰБА академигі, 2 ҚР Суретшілер академиясының академигі, 14 ғылым докторлары, 26 профессор, 41 ғылым кандидаттары, 22  доцент, 3 PhD,  11 магистр  құрайды.  

      ӨМжСИ-ның ПОҚ-ы педагогикалық, өнер, ғылыми, білім беру және ұйымдастырушылық іс-шараларды жүргізеді. Осылайша, институт ғылым, өнер және спорт саласындағы өз жетістіктерін мақтан тұтады:

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының 5 иегерлері - 2014, 2015, 2016 жылғы;

1 Ресей Жаратылыстану Академиясының «Ғылым және Ресей Федерациясының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы;

2 Қазақстанның халықаралық «Болашақ» бағдарламасы Президентінің  стипендиаты;

2 Н.А. Назарбаев атындағы стипендиант;

1 Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының толық мүшесі (академигі) (ҚПҒА);

4 Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының корреспондент-мүшесі, (Мәскеу);

1 РМА академигі;

1 РЖА-ның корреспондент-мүшесі;

1 Ғылым және білімнің еңбек сіңірген қайраткері;

 1 ҚР Білім беру ісінің үздігі;

2 «Дарын» жастар сыйлығының  лауреаты;

35 КСРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі;

5 ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі;

1 Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі;

5 ҚР Қөлөнершілер одағының мүшесі;

7 ҚР «Мәдениет қайраткері»;

 2 ҚР  Еңбек сіңірген қайраткері»;

2 ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері;

4 ҚР «Еңбек сіңірген жаттықтырушы»;

3 Спорт шебері және т.б. дәрежелі ұстаздар құрамы дәріс береді.

      Институт жоғары білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық және  академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша, Хань Шань педагогикалық университеті (Қытай), Іле  педагогикалық университеті (Қытай), Эрзинджан университеті (Түркия), Ардахан Университеті (Түркия), Новосібір мемлекеттік университеті (Ресей), Шяуляй  университеті (Литва), Эдукология университеті (Литва), Ақдениз Университет (Түркия), Алтай мемлекеттік университеті (Ресей),  Гжель мемлекеттік университеті (Ресей) т.б. серіктес жоғары оқу орындарымен қарым-қатынаста.

       2016 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша институтымызда  Іле  педагогикалық университетінен (ҚХР) 11 студент оқыды:  «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша 9 және «5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша  3 студент.

          Ағымдағы оқу жылында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде арнайы арналған мамандықтарда оқуға жақын және алыс елдерден 20 магистрант және студенттер оқиды (Өзбекстан, Түркменстан, Грузия, Ресей, Қытай).

        2016-2017 оқу жылында  сыртқы академиялық ұтқырлық  бағдарлама негізінде Шяуляй университетінде (Литва) «5В041400- Графика» мамандығынан 2 студент, Іле  педагогикалық университетінде (ҚХР) «5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мандығынан 3 студент оқыды.

        Қосдиплом білім беру және шетелдік университетпен бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша «6М010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының  2 курс магистранттары  РФ Новосібір мемлекеттік университінде оқып келді.

         2016/2017 оқу жылында ішкі академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша 8 студент Қазақстанның әр түрлі жоғары оқу орындарында оқыды.

        2016 жылы институт ПОҚ-нан ұйымдастыруымен педагогикалық шеберлігі мен көркем шығармашылық саласы көрнекті халықаралық сарапшылар жүргізген оқыту семинарларын, мастер-класстар ұйымдастырылды. Алыс және жақын шетелдерден 6 лектор  дәріс берді, көрме ұйымдастырды (АҚШ, Түркия, Литва, Қырғызстан, Ресей).

 

 

 

 

           ӨМжС институты белсенді түрде ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарымен өз-ара қарым-қатынаста. Атап айтсақ: Алматы қ. «Педагогикалық шеберлік ұлттық орталығы» «Өрлеу» акционерлік қоғамы, Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі, АҚ «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы», Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ), Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет Қазақ ғылыми-зерттеу институты, ЮНЕСКО және ИСЕСКО Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Қазақстан Ұлттық комиссияның Сыртқы істер министрлігнің Ұлттық комитеті, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Түркия және Қытай жоғары оқу орындары.

          2016/2017 жж. институт ПОҚ-нан 14 оқытушы НЗМ және «Өрлеу» оқыту мекемелерінен біліктілікті арттыру курстарынан өтті, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерден: Казань (Татарстан), Москва (Ресей), Кишинев (Молдова), Ньон (Швейцария), Барнаул (Ресей), Любляна (Словения), Дюссельдорф (Германия),  Мугла (Түркия), Тбилиси (Грузия), Тегеран (Иран).

          Институт өнер саласы бойынша  педагогикалық және шығармашылық мамандықтары бойынша: суретші, музыкант, хореограф, дизайнер, спортшылар мен ұстаздар дайындауда жылдар бойы қалыптасқан дәстүрге бай жоғары деңгейдегі білім беріледі. Оқытушы-шеберлер мен студенттердің шығармашылық жұмыстарын республикамызда ғана емес Қытай, Росей, Түркия және т.б. сияқты көптеген жақын және алыс шет мемлекеттердің де мұражайлары мен көрме залдарынан кездестіруге болады.

          ӨМжСИ ПОҚ-ы халықаралық және ұлттық конкурстар мен фестивальдердің жеңімпаздары болып табылады:  II-ші республикалық «ХХІ ғасыр оқытушысы» жас мұғалімдер байқауы байқауының дипломанты, АҚ «Өрлеу» ұйымдастырған ІІ республикалық педагогикалық оқулар  және т.б.

       Институт студенттері - ұлттық және халықаралық конкурстардың, пәндік олимпиадалардың, фестивальдар мен спорттық байқаулардың лауреаттары. Мысалы, «ШАБЫТ-2016» жастар шығармашылық XIX-шы Халықаралық фестивальдің  дипломанты. Алматы-2017 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың қатысушылары және жеңімпаздары. Бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиадаларының иегерлері: I-ші дәрежелі «5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу» (Е.А. Бөкетов ат.ҚарМУ, Қарағанда), II-ші дәрежелі «5В010600 - Музыкалық білім» (І.Жансугіров ат. ЖМУ, Талдықорған); I-ші дәрежелі «6М010700- Бейнелеу өнері және сызу» (Абай ат.ҚазҰПУ, Алматы);  III-ші дәрежелі «5В042100 -Киім дизайны» (КазГАСА, Алматы), III-ші дәрежелі «5В010400-Бастапқы әскери дайындық» (Е.А. Бөкетов ат.ҚарМУ, Қарағанда); Дельфий ойындарынан байқау - 1 орын «Бейнелеу өнері» номинациясынан, екі 2-ші орын «Халық биі» номинациясынан хореография ұжымы және «Киім дизайны (жеке)», үш 3-ші орын «Эстрадалық ән (жеке орындау)» және «Халық аспаптары/домбра» номинацияларынан, 3 орын «Сымбат» академиясында өткен IV Халықаралық байқаудан «Киім технология мен құрастырылуы» номинациясынан. Институт қабырғасында халықаралық ауқымдағы спорт шеберлігіне 9 кандидаттары оқиды.

 

         Бакалавриат мамандықтары:

          «5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлайды. Бұл мамандықты бітірушілер орта және арнайы мектептер мен колледждерде, жеке үйірмелерде және көркемөнер орталықтарында бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәндерінің мұғалімі бола алады, сондай-ақ көркемөнер саласы бойынша қосымша қолөнер, суретші, мүсінші, керамик, өнертанушы, экскурсовод, мұражайтанушы, дизайнер, безендіруші, оқу шебері, технолог, кітап безендірушісі және т.б салаларға жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.

       «5В041300 - Кескіндеме» мамандығы бойынша өнер бакалаврын даярлайды. «Кескіндеме» мамандығын бітірушілер кескіндеме суретшісі мамандығын алумен қатар «Графика», «Дизайн», «Монументалдық және миниатюралық кескіндеме, Фреска, Левкас, Технология, саласын меңгеріп, өнертанушы, экскурсовод, мұражайтанушы, дизайнер, безендіруші, оқу шебері, технолог, кітап безендірушісі саласы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.

 

         «5В042100 - Дизайн» мамандығы (графикалық дизайн, архитектуралық дизайн, киім дизайны) бойынша өнер бакалаврын даярлайды. Мамандыққа көрнекі графика жанрлары бойынша, жарнама, компьютер графикасы, көркемдік жобалау, композиция, инженерлік графика, сәулет өнері, компьютерлік бағдарламалар, конструкциялар, киім үлгілері, тігін технологиялары бойынша көптеген пәндерден толық дәріс беріліп, арнайы кәсіпорындарда оқу тәжірибелері жүргізіледі. Дизайн мамандығын бітірушілер өз мамандығының саласы бойынша жарнамалық агенттіктерде, қала безендіруде, баспаларда, құрылыс компанияларында, киім ательесінде және т.б. орындарында суретші-дизайнер маманы болумен қатар өнертанушы, экскурсовод, мұражайтанушы, киім дизайнері, сәулет дизайнері, графика дизайнері, безендіруші-дизайнер, оқу шебері, технолог, кітап безендірушісі бола алады.

        «5В041700 - Сәндік қолөнер» мамандығы бойынша өнер бакалаврын даярлайды.

 «Сәндік қолөнер» мамандығын бітірушілер өнеркәсіптік оқыту, металды көркемдеп өңдеу, ағашты көркемдеп өңдеу, терімен жұмыс, гобелен, батик, ши тоқумен айналысумен қатар «Көркем тоқыма», «Ағаш және басқа материалды көркем өңдеу», «Металл және басқа материалдарды көркем өңдеу», «Көркем керамика» мамандандырылуы бойынша әр салаға бөлінеді. Олар сәндік қолөнер суретшісі маманы болумен қатар қолөнер шебері, суретші, мүсінші, керамик, өнертанушы, экскурсовод, мұражайтанушы, дизайнер, безендіруші, оқу шебері, технолог, шығармашылық  мамандары бола алады. 

 

         «5В041400 - Графика» мамандығы бойынша өнер бакалаврын даярлайды. «Графика» мамандығын бітірушілер станоктік графика, линогравюра, литографика, композиция, жобалау пәндерін меңгерумен қатар суретші-график, графика дизайнері, мүсінші, өнертанушы, экскурсовод, мұражайтанушы, дизайнер, безендіруші, оқу шебері, технолог мамандары бола алады.

            «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім бакалврын даярлайды.

Мамандық бойынша музыка саласындағы пәндерден теориялық білім жіне арнайы пәндерден практикалық дәріс беріледі. «Музыкалық білім» мамандығын бітірушілер орта мектетперде және педагогикалық колледждерде музыка мұғалімі маманыдығын алумен қатар, балабақшаларда, үйірмелерде, мәдени орындар мен орталықтарда музыкант, жетекші болып жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.

            «5В040900 - Хореография» мамандығы бойынша өнер бакалаврын даярлайды.  «Хореография» мамандығын бітірушілер орта және арнайы мектептерде және колледждерде хореограф маманыдығын алумен қатар, балабақшаларда, үйірмелерде, мәдени орындар мен орталықтарда, театрларда хореограф, жетекші болып жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.

        «5В010800 - Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлайды. Кафедра дене тәрбиесі мен спорт саласында практикалық тұрғыдан жоғарғы білікті мамандарды дайындап, дене мәдениеті арқылы сауықтыру және қалпына келтіруде ғылыми-теориялық және әдістемелік білім беріледі. «Дене мәдениеті және спорт» мамандығын бітірушілер орта және арнайы мектетперде және колледждерде дене шынықтыру мұғалімі мамандығын алумен қатар, үйірмелерде, мәдени орындар мен орталықтарда, спорт кешендерінде, жаттықтырушы, бапкер болып жұмысқа орналасуға  мүмкіндігі бар.

          «5В010400 - Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлайды. «Бастапқы әскери дайындық» мамандығын бітірушілер орта және арнайы мектетперде және колледждерде бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі мамандығын алумен қатар  университет жанындағы Әскери кафедрада білім алып, болашақ «Лейтенант» әскери дәрежесін алуға және ҚР қарулы күштері қатарында жұмысқа орналасуға  мүмкіндігі бар.

Магистратура және PhD докторантура

         Институтта магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламасы бойынша екі бағытта - ғылыми-педагогикалық және кәсіптік - түлектерге болашақта ғылыми, педагогикалық, басқару және эксперттік қызметтерде нәтижелі айналысуға мүмкіндік беретін мамандандырылған терең кәсіби білім беріледі. Магистратура және докторантурада оқыту белсенді ғылыми жұмыспен қатар университеттің ғылым мен тәжірибе саласындағы жетекші мамандардың жетекшілігімен университеттің ғылыми жобаларына қатысуға мүмкіндік береді. Магистратура және докторантура оқу бағдарламаларын орындау институт пен шетелдік жетекші ғылым және білім ұйымдарымен тығыз байланыстың нәтижесінде жүзеге асырылады. Магистраттар мен докторанттарға шетелдік ауқымды байланыстың арқасында жыл сайын шетелдік профессорлар шақыртылып, білім алушылар шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарға шығып, білім мен тәжірибе алмасады. 2016/2017 оқу жылында шетелдік ғылыми тағылымдамадан арқылы магистранттар мен докторанттар Литва мен Түркия сияқты елдерге барып қайтты.

 

             Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының оқу ғимаратының виртуалды түрде көру үшін, университет сайтында келесі белсенді сілтеме арқылы қөруге болады (7. Өнер, мәдениет және спорт институты): http://www.kaznpu.kz/ru/1733/page.

         Аталған барлық мамандықтар бойынша «Шығармашылық емтихан» тапсырылады. Институтқа оқуға түсу үшін құжаттар 01-маусымнан басталады. 

          Дене мәдениеті және спорт, Бастапқы әскери дайындық мамандықтары үшін шығармашылық емтихан «Спартак» стадионында қабылданады.

       Ал «Дизайн», «Кескіндеме», «Графика», «Бейнелеу өнері және сызу», «Сәндік қолөнер» мамандықтары үшін университеттің №2 оқу корпусында Ш.Уалиханов 64а,

           «Музыкалық білім», «Хореография» мамандықтары үшін №4 Қазбек би, 30  оқу корпусында шығармашылық емтихан қабылданады.

 

 

2033
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler