қазақша · русский · english
   
Қоғамдық қызмет

 

2017 ЖЫЛҒЫ БІТІРУШІ МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ДИПЛОМДАРЫҢ ТАБЫСТАУ

 

          17.07.2017ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтында 2017 жылғы бітіруші магистранттардың «6М010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша:

Айтмұратова Сымбат Дүйсенбайқызы,

Дайырбаева Айгерім Кеңесқызы,

Досжанова Айгерим Болатбековна,

Қыстаубаева Ботагоз Қыстаубаевна,

Нурке Майра Сыздыковна,

Охапова Сандуғаш  Габитовна;

 «6М010800 - Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша:

Баякеев Жумабай Турдыкеулы,

Кәменов Ернар Шәмшідинұлы,

Серіков Арыстан Жолдасбекұлы,

Цугланов Ринат Тимурович

дипломдарың   салтанатты табыстау ресми өтті.

           Магистранттардың дипломдарың институт  директоры Исабек Нұрдаулет Еркінұлы тапсырды.

Магистранттарға жақсы тілектерін «Дене мәдениеті және спорт педагогтарын даярлаудың  теориясы мен әдістемесі»  кафедра меңгерушісі Ільясова Алма Нағиқызы мен Адамбеков Қайрат Ільясұлы білдірді. Бітірушілердің атынан Нүрке Майра Сыздыққызы мен Цугланов Ринат Тимурұлы сөз сөйледі.

 

 

 

 

 

 

ҚОҒАМДЫҚ ФОРУМ

         2017 ж. 30 маусым айында Алматы қаласында «Бөбек» ұлттық орталығында X-ші Республикалық кеңесінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша қоғамдық форум өтті. Бұл іс-шараға белсенді қатысқандар Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ПОҚ-ы: өнертану кандидаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Шағармашылық мамандықтар»  кафедрасының профессоры Құрман Қалиұлы Мұратаев пен педагогика ғылымдарының кандидаты,  «Бейнелеу өнері мен сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедраның доценты Ақбаева Шолпан Абілғазиқызы.

         Форумға мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мәдениет қайраткерлері қатысты,  оның ішінде - Қазақстан Республикасы Білім және Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиева, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша бағдарламасының авторы С.А. Назарбаева және басқалар.

 

 

 

 

 

 

«6D010700 -  Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша координациялық-консультативтік кеңесі өтті 

          24.06.2017ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнері теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «6D010700 -  Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша бітіруші PhD докторант Небесаева Жанар Орынбекқызының  диссертациялық жұмысы кафедрадан  алдын-ала қорғауы талқыланды. Докторанттың ішкі және сыртқы рецензеттері п.ғ.д., профессор Н.Е. Исабек пен ф.ғ.д., профессор, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰПУ-нің проректоры Қ.З. Халықов сөз сөйледі.

            Екінші курс PhD докторанты Бекболатова Құралай Маратқызының  шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткен есебі тыңдалды.  Координациялық-консультативтік кеңесінің мүшелері түгел қатысты.

 

 

 

 

ЮНЕСКО АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ 

         12-13.06.2017ж. Абай атындағы Өнер, мәдениет және спорт институтының ПОҚ-мы өнертану кандидаты, қауымд.профессор М.Э. Султанова, п.ғ.к., доцент Л.Ш. Какимова «Өнердегі әйелдердің әлеуметтік интеграциясы: диалог және көркем дағдыларын дамыту» атты дөнгелек үстелге қатысты. ЮНЕСКО бағдарламасы негізінде «Азаматтық қоғамды дамыту» қоғамдық қоры ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның шеңберінде ұйымдастырған іс-шара. Дөңгелек үстелге 20-дан астам қатысушылар, соның ішінде Қазақстан жоғары оқу орындарының, Алматы қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кеңсесінің өкілдері мен академиялық топтар қатысты.

 

 

 

 

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАНДАР- 2017

            Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтында күндізгі бөлімдерінде барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихандары өтті. Бітіруші студенттер қорытынды жұмыстарын ұсынды

 

 

 

 

 

 

«ҮЗДІК  ҰСТАЗ» ТӨС БЕЛГІСІ

         

 

 

 

 

 

 

       08.06.2016ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Нұрдаулет Еркінұлы Исабек институт ғылыми кеңесінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрқасым Молдасанұлы Тоқмолдаевты салтанатты түрде  «Үздік ұстаз» төс белгісімен марапаттады.

 

 

 

 

 

 

 

 

АБАЙ атындағы  ҚазҰПУ-де ӨТКЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

       06-10.06.2017ж. аралығында Орталық Азия университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінінің  Өнер, мәдениет және спорт институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласының білім беру мекемелерінің 25 оқытушылар үшін соның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары «Адамтану» атты Ага Ханның жобасы (ПАХЧ) бойынша «Жеке адам мен қоғам/ Личность и общество» және «Ритм және қозғалыс/ Ритм и движение» курстары бойынша семинар өтті.

         Семинарды өткізгендер: Шамбеталиева Хадиче - Орталық Азия аймағының менеджері және Кәрімов Махкамбой - академик Бабаджан Гуфуров атындағы Худжанд мемлекеттік университетінің  «Мәдениет және саяси философия» кафедрасының аға оқытушы,  Худжанд қаласындағы Орталық Азия университетіндегі  «Адамтану» Ага Хан бағдарламасының  Инновациялық орталығының менеджірі. Өнер, мәдениет және спорт институтының ПОҚ-ы өнертану кандидаты, доцент Айтуарова А.Т., п.ғ.к., доцент Какимова Л.Ш., доцент Өмірзақова А.І. семинарға қатысып,  72 сағат көлемінде халықаралық сертификаттарына ие болды. Орталық Азия университеті біздің университетіміздің ғылыми фонд кітапханасына электрондық ресурс және видеоқұжатарын сыйлап,  институт  ғылыми іс жұмыстарының директорының орынбасары  Л.Ш. Какимоваға тарту етті.

       «Ритм және қозғалыс/ Ритм и движение» атты  тараудағы «Ахмет Жұбанов. Құрманғазы» тақырыбында 2017 жылдың 08 маусым айында өткен семинарда қатысушылар мен ОАУ-ПАХЧ өкілдерінің шақыруымен «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының қауымд.профессоры,  ҚР еңбек сіңірген әртісі Ерболат Жұмашұлы  Мұстафаев қатысып, домбраға арналған күйлерін Құрманғазының «Кішкентай» және «Кісен ашқан», Сейтектің «2016 жыл», Дәулеткерейдің «Қаражан ханым», Тәттімбеттің «Сырнайлы» мен «Қосбасар», Н.Тілендиевтің  «Акку» т.б. қазақ  композиторларының шығармаларын тамаша орындап, мастер класс көрсетті.

 

 

 

 

 

ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА АСПАПТАРЫНЫҢ ШЕБЕРХАНАСЫ

         21.05.2017ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институты «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлының ұлттық   музыка аспаптарының шеберханасының  ашылуы  салтанатты түрде өткізілді. Бүл іс-шараға ұстаздың әріптестері мен шәкірттері, институттың профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, қонақтар мен БАҚ-ы қатысты. Аталған шеберхананың ашылуы студенттер мен шебер үшін - үлкен тәрбиелік, қоғамдық маңызды іс-шара.

 

 

 

 

 

«СЫМБАТ» СӘН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУ

            19.05.2017ж. «СЫМБАТ» сән академиясы шығармашылық қызметінің 70 жылдығына арналған «Creative World» атты  IV Халықаралық байқауына Өнер, мәдениет және спорт институтының «5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3 курс 3-жылдық студенттері белсенді  қатысты.  Мақсұт Жұлдызай мен Бақытбек Сания «Киім технологиясы мен құрастырылуы» номинация бойынша 3 орын иегерлері болды, Қошан Айсұлу мен Ахмет Арайлым «Киім дизайны» номинациясы бойынша сертификатпен марапатталды. Қатысушыларының шығармашылық жетекшісі педагогика ғылымдарының кандидаты, «Бейнелеу өнері  және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасының  аға оқытушысы - Раушан Хабдульмуталяпқызы Қанапьянова. 

 

 


  

«АБАЙ ЖОЛЫ» АЛАШТЫ ПАШ ЕТКЕН ӘЛЕМГЕ»
АТТЫ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ

     2017 жылдың 11-ші мамыр айында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде М.Әуезовтің белгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының 120 жылдық мерейтойына орай «Абай жолы» Алашты паш еткен әлемге» атты көрКөрме Абай атындағы ҚазҰПУ-ң бірінші проректоры М.Е. Ермағанбетов пен Абайдың «Жидебай-Бөрелі» мемлекеттік қорық-музейіннің директоры Б.Жүнісбековтің құттықтау сөздерімен ашылды. 

        Көрме Абай атындағы ҚазҰПУ-ң бірінші проректоры М.Е. Ермағанбетов пен Абайдың «Жидебай-Бөрелі» мемлекеттік қорық-музейіннің директоры Б.Жүнісбековтің құттықтау сөздерімен ашылды.
        Көрменнің ашылу салтанатына ғұлама ғалымның ұлы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов және де танымал зиялы қауым, университеттің және институттың профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, журналистер және БАҚ-ы қатысты. Студенттер үшін - бұл үлкен тәрбиелік маңызы бар іс-шара.

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ - 2017

     2017ж. 15-19 сәуір аралығында Өнер, мәдениет және спорт институтының ПОҚ-ы (Шайгозова Ж.Н., Султанова М.Э, Какимова Л.Ш.) Орталық Азия университетінде «Адамтануға кіріспе» және «Дәстүрлер мен өзгерістер» атты гуманитарлық пәндер бойынша «Адамтану» Ага Хан Жобасының семинар-тренингіне қатысты.
       Семинарды жүргізгендер - Махкамбой Кәрімов (Тәжікстан) и Гульмира Билялова (Қазақстан). Семинар Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының қабырғасында өтті, оған Қазақстанның әр түрлі жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Семинарды белсенді оқытудың интерактивтік әдістері бойынша өткізді.

 

 

 

 

 

ББСҚТА-ң ЭКСПЕРТ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

         2017ж. 12-13 сәуір айының аралығында «5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша М.Әуэзов атындағы ОҚМУ-де «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Аман Ілесұлы Ибрагимов Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігі (ББСҚТА) аккредитациялық эксперт комиссиясының мүшесі болып жұмыс атқарды.

 

 

 

 

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СҒІЖ - 2017

         12.04.2017ж. Өнер, мәдениет және спорт институтының ғылыми-іс жұмыстарының директорының орынбасары Л.Ш. Какимова «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы 70-ші мерейтойлық республикалық студенттер, магистранттар, PhD докторанттар мен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен «Өнер және мәдениет: теория мен тәжірибенің замануи бағыттары» атты секциясының қазылар алқасының төрағасы болып жұмыс атқарды.

 

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМ КҮНІ - 2017

        11.04.2017ж. МҰҒТСО-да Ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылыми журналдардың халықаралық стандарттары» атты семинарында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылым бөлімінің өкілдері (Г.А. Баймбетова), сондай-ақ Өнер, мәдениет және спорт институтының ғылыми-іс жұмыстарының директорының орынбасары Л.Ш. Какимова қатысты. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Амрин семинарды ашты;  АҚ «Мемлекет ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» Президенті Адил Ибраев сөз сөйледі.

         Семинарда қарастырылған мәселелер: «Web of Science дүниежүзілік халықаралық ғылыми журналдарының бірі» (Валентин Богоров, Ресейден келген Clarivate Analytics білім беру бағдарламаларының басшысы), «Ұлттық басылымдардың дамытудың негізгі бағыттары» (Қарлығащ Сәкенова), «Қазақстандық журналдар сапасын жақсартудың Springer Nature ұсынымдар» (Ирина Александрова), «Қазақстан Республикасының ғылыми ұлттық академиясының ғылым журналдардың перспективалары туралы» (Сажида Досаева) және басқалар.

 

 

 

 

ШАҒЫРМАШЫЛЫҚ МЕРЕЙТОЙ

     14.03.2017ж. «Шығармашылық мамандықтар» кафедрасының ұжымы суретші, педагог әрі әріптесі Б.Мырзахметовтің шығармашылық мерейтойын атап өтті.

 

 

 

 


17.03.2017ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-де Өнер, мәдениет және спорт институтында Б.Байжігітов атындағы дәрісханасында философия ғылымдарының докторы, профессор, атақты суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ұстаз, өнертанушы[Болат Кесекқалиұлы Байжігітовті] еске алуға арналған шығармашылық кездесу өткізілді. 

Бұл іс шараны қолға алған Бөкеңнің жары Назым Қабиевна Байжігітова мен шәкірті Қабыл Халықов (филос. ғыл-ң докторы, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ң ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры) ұйымдастыруымен өтті. 

Қазақстанның жоғары оқу орындарынан (әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, ҚазМемҚызПУ т.б.), Қазақстан Суретшілер одағынан атақты ғалымдар, белгілі тұлғалар, танымал суретшілер қатысты.  Қонақтардың арасында: Қамақ Әбдікәрім, Тұрсын Ғабитов, Мұрат Сәбит, Тоқтар Бейсенбинов, Абай Орынбаев, Альбина Наурызбаева және әріптестер мен шәкірттері  - Сәнгүл Қаржаубаева, Берістен Жанарбек, Қалдыгүл Оразқұлова, Әнуарбек Нақысбеков, Темірхан Ордабеков, Рамазан Мизанбаев, Серғазы Жаманқараев т.б. болды.

Осы күні «Әсемдік әлеміне саяхат...» атты жинақтың тұсауы кесілді. Бұл жинақта, профессор [Болат Байжігітов] туралы естеліктер мен арнаулар, сондай-ақ әріптестері мен шәкірттері, қызметтестері және замандастарының жылы лебіздері жинақталып, шығарылды.   

 

Martin Рirchal мырзаның MusiQuE Quality Enhancement (Брюссель, Бельгия) халықаралық аккредитация агенттіктің басқарма төрағасының шақыруы бойынша музыкалық білім сапасын жетілдіру мақсатында Астана қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінің халықаралық аккредиттеу рәсіміне қабылдауына Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім мен хореография» кафедрасының қауым.профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты  Ибраева Қамарсұлу Ершатқызы 2017 жылы 13-16 наурыз айының кезеңінде қатысты.

MusiQuE Quality Enhancement тәуелсіз бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі сыртқы жоғары музыкалық білім Еуропалық қауымдастығына еуропалық ұйым болып табылады. Жоғары оқу орны қызметінің жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын халықаралық стандарттар мен өлшемдерге сәйкестігін сарапшылардың  бағалау нәтижелері бойынша тұтастай және жоғары оқу орны болып танылады.

Қ.Е. Ибраева ҚазҰӨУ-ң 19 саналатын музыкалық білім беру бағдарламалары бойынша сараптама тобының мүшесі болып табылады.

 

Дариға Назарбаева Қазақстанның тұңғыш педагогикалық жоғарғы оқу орындарының бірі болып саналатын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне ресми сапармен келіп, Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушылары, магистранттары мен студенттерінің шағын шығармашылық жұмыстарының экспозициялық көрмесінің куәсі болып қайтты.
Институт қызметкері «Бейнелеу және сәндік қолөнер теория мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Аман Илесұлы Ибрагимов өнер саланың кәсіпқой және болашақ мамандардың жұмыстарымен таныстырып өтті.

                         

 

                                                     

 

2016 жылдың «Ұстаздар күні» мерекесі Өнер, мәдениет және спорт институтының кафедралары бойынша атап өтілді. Аталмыш іс-шараға «Педагог-ұйымдастырушы және бастапқы әскери дайындық» пен «Дене шынықтыру және спорт оқытушыларының даярлаудыңтеориясы әдістері» кафедраларының 1 курс студенттері белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық және актерлік шеберліктерін көрсете білді. Ресми құттықтау сөздерін институт басшысы Берікжан Айтқұлұлы Әлмұхамбетов, кафедра меңгерушілері Сайлаубек Тәукеұлы және Алма Нағиқызы Ильясовалар тілектерін білдірді.

              

 

              
«Ұстаздар Күні» мерекесіне орай университет ректоры С.Ж. Пірәлиев институттың профессор-оқытушылар құрамының елеулі еңбектері үшін: п.ғ.к., проф. Т.М. Қожағұлов (Шығармашылық мамандықтар), аға оқыт. Б.А. Атамқулов (Бейнелеу және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі), аға оқыт. Б.А. Бекова (Бейнелеу және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі), аға оқыт. К.А.Кулатаев (Педагог-ұйымдастырушы және БӘД), қауым.профессоры А.М.Кұмаржанов (Музыкалық білім және хореография), п.ғ.к., қауым.профессоры Ж.Н.Шайғозовалар (Бейнелеу және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі) марапатталды.

             

 

                                              

 

Қоғамдық жұмыс.

Факультет студенттерi факультеттiң қоғамдық өмiрiнде белсене қатысады. Студенттер мынадай байқаулар мен іс-шараларда өз белсенділіктерін көрсетті:

-«Студент қатарына қабылдау»;

- «Студенттік көктем»;

- Факультеттер арасындағы «КТК»

- Қалалық «Алма» фестивалі;

- Алматы қаласының балалар онкологиялық ауруханасының интерьеріне сурет салу.

 

Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Суретшліер Одағының мүшесі, бірнеше Республикалық, Халықаралық көрмелердің қатысушысы Құрманғазы Ақашевтың «Мұра» атты тақырыпта жеке көрмесі 18-ақпан күні өтті. Көрме «Бақшасарай» галереясында ұйымдастырылды, көрмеге Алматы қаласы бойынша өнертанушылар, атақты суретшілер, Өнер, мәдениет және спорт институтының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар,докторанттар қатысып, ашылу салтанатының күәсі болды.

 

 

  

 

2015ж. 17-19 қараша айында ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ институтында СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖӘНЕ МАГИСТРАНТТАРДЫҢ 70-ші ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өткізілді.
Бұл іс-шара 5 кафедраның 7 секциясында өткізілген болатын.
«Музыкалық білім және хореография» кафедрасының 2 секциясы жұмыс атқарды.
«Музыкалық білім» секиясын кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор Джексембекова М.И. , хатшы өнертану ғылымының кандидаты, доцент Айтуарова А.Т. басқарды.


Өнерліге есік ашық


     Бүкіл әлем тарихында адамның өмірі өнермен байланысты өтеді.Сондықтан қазіргі уақытта жастарға көркем білім беру өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Азия-Тынық мұхит аймағы ЮНЕСКО обсерваториясының катысуымен « ЮНЕСКО жолымен: Әлем. Көркемдік білім. Жастар» атты екікүндік Халықаралық симпозиум өтті. Оны ұйымдастырған Абай атындағы ҚазҰПУ, Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебі, қолдау көрсетушілері-ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы, Алматыдағы Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғыстан ЮНЕСКО кластерлік бюросы, Түрік халықаралық ынтымақтастық агенттігі, қатысушылары - Бангкок ЮНЕСКО бюросы, Қазақстан Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті.
     Симпозиумның басты мақсаты көркем білім беру аймағының барлық деңгейлерінде - жалпы білім беру және өнер мектебі, бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша тәжірибе алмасу, Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша ЮНЕСКО обсерваториялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту болатын.
     Абай атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және спорт институты профессор-оқытушыларының шығармашылық көрмесі қойылған фойеде университет оркестрінің орындауында әсем күй ойналып жатқанда қонақтарды ұлттық киім киген қыздар қарсы алды. Симпозиумның салтанатты ашылуында Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Кенжебаев Ғабит Қапезұлы қатысушыларды құттықтап, оларға жемісті жұмыс тіледі. Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Сергей Аркадьевич Лазарев, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Петровна Шер, Орталық Азия мәдениетаралық және шығармашылық оқыту бойынша ЮНЕСКО обсерваторияның жетекшісі Ханзада Әзімханқызы Есенова құттықтау сөз сөйледі. Симпозиумға қатысушылар Бангкок ЮНЕСКО бюросының өкілінің бейнеарнауын тыңдады.
    Пленарлық отырыста Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазовтың, Өзбекстандағы Ұлттық өнер және дизайн институтының профессоры Ч. Д. Бектеміровтың, Түркиядағы Эрзинджан университетінің профессорлары Хусейн Хусну Бахар, Эрсан Чифтчи, Илхан Акдениз, Танер Улучай, Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы « Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры О.В. Батуринаның және басқа да әртүрлі елдің қатысушыларының баяндамалары тыңдалды.
   Өнердің қай түрі болса да адамның дүниетанымын, ішкі жандүниесіндегі құбылыстарды бейнелейді. Өнер жеке тұлғаның, әсіресе жастардың жан-жақты дамып-жетілуіне, олардың интеллектуалды өсуіне ықпал етеді. Сондықтан симпозиумда жастар арасындағы көркемдік білімді қалыптастыру жайында озық тәжірибемен бөлісу және ынтымақтастықты жетілдіру жөнінде жұмыстар жалғастырыла бермек.

 

 

880
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler