қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
13.11.2017

Алматыда «Қазақстан жолы: «Мәңгілік ел» атты семинар-тренинг өтіп жатыр

 


 

Алматыда ашылған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі аясында Абай атындағы Педагогикалық университетінде «Қазақстан жолы: «Мәңгілік ел» атты семинар-тренинг өтіп жатыр.

 

Жоба қазақстандық жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.

 

Семинарда студенттер тәуелсіздік жолындағы Елбасының ерен еңбектері туралы біліп қана қоймай, Мәңгілік ел туралы ой-пікірлерін ортаға салды. «Мұндай сабақтар жастардың көшбасшылық қасиетін қалыптастырып, ойлау қабілетін дамытады», - дейді ұйымдастырушылар.

 

Айта кетейік, Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік мерекесіне орай ашылған жылжымалы көрме аясындағы шаралар 10 күнге дейін жалғасады.

 

Тахир Балықбаев, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры:


- Елбасының үлгісі, өмір жолы, саясаты және істері, әрине, барлық жастарға үлгі болады. Сондықтан бүгінгі семинардың жастарды тәрбиелеуге, болашақ ұстаздардың одан әрі өмірдегі жолында барлық істеріне бастау болады деп ойлаймыз.

 

 

13.11.2017ж.

Ақпарат көзі: 24.kz



527

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler