қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
10.11.2017

Челябинск қаласында Ресей және Қазақстан ЖОО-ның ректорлар форумы өтті


2017 жылдың 8 және 9 қараша аралығында Челябинск қаласында Ресей және Қазақстанның XIV өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде екі елдің жоғары оқу орындарының ректорлар форумы өтті. Форумға 77 ресейлік және 49 қазақстандық ЖОО-ның басшылары қатысты.
Форумның басты мақсаты - білім беру және ғылым саласын дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою. Жоғары оқу орындар студенттерді дайындау, университеттердің зертханалық және техникалық базасын пайдалану, ортақ жобаларды жүзеге асыру үшін бірге жұмыс істейтін болады.
Ресей мен Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының ректорларының форумы екі бөлімді қамтыды: сессиялардағы отырыстар және пленарлық мәжілістер. Сессияларда жоғары оқу орындарының инновациялық қызметін дамыту, адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының стратегиялық әріптестігі талқыланды.
Ресей мен Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары форумы барысында Оңтүстік Орал Гуманитарлық-педагогикалық мемлекеттік университеті Қазақстанның алты педагогикалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарына қол қойды. Олардың ішіндегі ең ірісі - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Челябинск қаласында өткен іс-шара, барлық қатысушылар үшін табысты және өнімді болды деп атап өтті. БАҚ өкілдерімен сұхбатында, ол Оңтүстік Орал Гуманитарлық-педагогикалық мемлекеттік университетімен қандай бағыттарда жұмыс істейтіндігімен бөлісті: «Біріншіден,кадр даярлау. Яғни, біздің студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Челябинск қаласында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады және Оңтүстік Орал Гуманитарлық-педагогикалық мемлекеттік университеті білім алушылары біздің университеттің арнайы курстарын тыңдай алады. Екіншіден, оқытушылар мен студенттердің бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы. Мен мұнда маңызды оқиғалардың пайда болуын күтудемін, өйткені біздің университет - жетекші ғылыми орталықтардың бірі және осыған байланысты үлкен мүмкіндіктерге ие. Үшінші бағыт - біздің жоғары оқу орындарымыздың оқытушылары мен педагогтарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» .

Ректорлар форумы соңында ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық, студенттерді оқыту және білім беру, университеттің зертханалық және техникалық базасымен алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ортақ қарар (резолюция) қабылданды. Форум аясында Ресей мен Қазақстан ЖОО арасында ынтымақтастық туралы 40 келісім-шарт жасалды.

 

 

 

 

   

 

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім


 




Кері оралу