қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
06.11.2017

КӨКПАРДАН ЖАСТАР СПОРТТЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ ТУРНИРІ ӨТТІ

 

Көкпар ойынын жастар арасында кеңінен насихаттау және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 5 қарашасы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің стадионында Көкпардан жастар спорттық лигасының турнирі өтті. Бұл спорттық додаға Абай атындағы ҚазҰПУ-нің құрама командасымен қатар Алматы қаласының 4 жетекші жоғары оқу орындарының шабандоздары қатысып, бақ сынасты.
Университет құрама командасының рухын көтеру үшін 300-ден астам студентіміз жанкүйерлік қолдау көрсетті. Қатысушылардың пікірінше, ойын керемет де әсерлі өтті.
Ойын қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақ спорт және туризм академиясы І орынды иеленсе, ІІ орын Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрама командасының еншісіне бұйырды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрама командасы ІІІ орын жүлдегері атанды.
«Көкпар» ойыны Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы ең танымал ойындардың бірі. «Көкпар» жас ұрпақтың бойында қайсарлық, ептілік, жігерлілік, отансүйгіштік, табандылық және сенімділік секілді асыл қасиеттерді қалыптастырады.

 

  

 

  

 

  

 

  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі департаменті

 

Фоторепортаж Серік Иманқұловтікі

 



618

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler