қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Сейсенбаева Жанар Айтбергенқызы

Сейсенбаева Жанар Айтбергенқызы

Сейсенбаева Жанар Айтбергенқызы - ф.ғ.к., филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушы. 1999 жылдан еңбек тәжірибесі басталды.
2004-2006 жылдар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ізденушісі. Филология ғылымдарының кандидаты (2006). 2009 жылдан бастап атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Интеллектуалды Ұлт қалыптастыру» Ғылыми зерттеу институтында бөлім басшысы, 2012 жылдан сол институттың директордың орынбасары қызметін атқарды. «Ұлттық тәрбие» журналының жауапты хатшысы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы Ы.Алтынсарин атындағы сыйлығының иегері.
Ғылыми мақалалары - 50, «Ұлттық тәрбиенің ғылыми негізі» оқу құралы/ - Сейсенбаева Ж.А. - Алматы «Ұлағат баспасы» . - 2011ж. «Ұлттық тәрбие(салт-дәстүр-әдет ғұрып негізінде)» оқу құралы, Алматы 2011ж, «Дарынды балалармен жұмыс» оқу құралы, Алматы 2011ж, «Интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы тіл мен әдебиет» оқу құралы, Алматы 2013, «Білім алушыларды оқуға ынталандырудың жолдары» оқу құралы, Алматы 2014ж «Мәңгілік ел құндылықтары» монографиясы 2015ж еңбектерінде авторлық бірлестікте.
Жүргізетін пәндері «Көркемдік дамудың теориялық-әдіснамалық негізі» , «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler