қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
23.10.2017

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Еуропаның және Орталық Азияның 100 үздік университеттерінің

тізіміне енді

 

Халықаралық QS агенттігі дамушы Еуропа және Орталық Азия елдерінің үздік жоғары оқу орындарының тізімін жариялады.

 

Қазақстанның жеті  жоғарғы оқу орны  дамушы Еуропа және Орталық Азия елдерінің 100 үздік ЖОО қатарына енді, соның ішінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 86-шы орынға жайғасты.

 

100 үздік қатарына енген  Қазақстандық жоғары оқу орындар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университеті.

 

Іріктеу барысында келесі бағалау көрсеткіштері есепке алынды: университеттің ғылыми беделі, жұмыс берушілер арасындағы беделі, шетелдік студенттердің үлесі және т.б. көрсеткіштер.

 

Рейтингтің толық нұсқасын QS WUR веб-сайтынан көре аласыз: https://www.topuniversities.com/university-rankings/eeca-rankings/2018

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім


 



716

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler