қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
19.10.2017


«Төтенше жағдайлар психологиясы» біліктілігін арттыру курсы 


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдығына орай, 2017 жылдың қазанның 16-20 аралығында Сорбонна-Қазақстан институты IFEAC институтының қолдауымен Сорбонна Париж Сите Университетімен және «Тұлға психологиясы» институтымен бірге «Төтенше жағдайлар психологиясы» біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды.


Курс мақсаты - төтенше жағдайлардағы шұғыл психологиялық көмек көрсету дағдыларын үйрету. Бұл психологиялық курстың Қазақстан Республикасында аналогы жоқ. Курстың соңында халықаралық сертификат берілетін болады.


Аталмыш курсқа Алматы қаласы әкімдігінің төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, Алматы қаласы Медеу ауданы және Талдықорған қаласы әкімдіктерінің қызметкерлері, Қазақстандағы Қызыл Жарты ай қоғамының өкілдері және Қазселезащита, сонымен қатар Алматы қаласының мектептері мен университеттерінің мұғалімдері қатысты.

 

 

 

 

 

 

Cорбонна-Казахстан Институты



683

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler