қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.05.2014

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Құрметті әріптестер!

Сіздерді "XXI ғасырдағы толеранттық педагогикасы - даму жолдары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз, конференция 2014 жылы 30 мамырда өтеді.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Тарих факультеті, Инновациялық технологиялар және толеранттылық білім беру орталығы.

Конференция жұмысының бағыттары:

 Қазіргі әлемдегі толеранттық
 Толеранттылық педагогикасы және оның ерекшеліктері
 Қазақстан Республикасындағы толеранттылық
 Толеранттылық және гуманизм
 Қазақстан Халқы Ассамблеясы және оның толеранттылықты дамытудағы рөлі
 Білім берудегі толеранттылық
 Этникалық толеранттылық
 Конфессиялық және діни толеранттылық
 Жастар арасында толеранттылық идеясының дамуы
 Толеранттылық және жаhандану
 Гуманитарлық пәндер сабақтарында құқықтық және саяси мәдениетке тәрбиелеу оқушыларда толеранттылықты қалыптастырушы құрал ретінде
 Толерантты тұлғаны тәрбиелеудің психологиялық мәселелері
 Ақпараттық қоғам жағдайындағы толеранттық мәдениеті

 

Конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысы 2014 жылы 30 мамырда мына мекен-жайда өтеді: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жамбыл к-сі № 25, Ш. Уәлиханов к-сі қиылысы, 2 қабаттағы мәжіліс залында, басталуы: сағат 10-00.

"XXI ғасырдағы толеранттық педагогикасы - даму жолдары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындылары бойынша материалдар жинағы баспадан шығарылады.
Материалдардың ресімделуіне қойылатын талаптар:
Өтінішке баяндама материалдарының электронды нұсқасы (мәтін Windows үшін Word форматында, шрифтісі Times New Roman, шрифт өлшемі 14, жолдарының аралығы 1,5) және қатысушының өтініші қоса беріледі. Атауы жазбаша әріптермен жазылады, шрифтісі - қою. Төменгі жағына екі жол аралығынан кейін таспаша әріптермен автор(-лар)дың тегі мен аты-жөні жазылады. Бұдан әрі екі жол аралығынан кейін - ұйымның, елі мен қаланың толық атауы. Үш жол аралығын қалдырып, 1,5 жол аралығымен жазылған мәтін жалғасады. Жиектері - әрқайсысы 2 см.
Мақалалардың көлемі - 6 бетке дейін. Өтініш және баяндама мәтіндерін ұсыну мерзімі 2014 жылдың 18 мамырына дейін. Ұйымдастыру комитеті мен редакциялық комиссия конференция баяндамаларын іріктеу құқығын өздеріне қалдырады. Конференцияға қатысуға байланысты барлық шығындар іс - сапарға жіберушілердің есебінен жүргізіледі.
Материалдарды мына электронды пошта байынша жіберу керек: daulbayev@inbox.ru, k-gulnur-m@mail.ru , bakauova@mail.ru "XXI ғасырдағы толеранттық педагогикасы - даму жолдары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белгісімен

Қосымша ақпараттарды мына телефондар бойынша алуға болады:
+7(727) 2911315, 8 705 2614665, 87013981307, 87016566713


Байланыстағы тұлғалар:
Даулбаев Тимур Файзиевич - саясат ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, ұялы телефоны: 8 705 2614665
Коккозова Гульнур Мерекеевна - инновациялық технологиялар және толеранттылық білім беру орталығының оқытушысы, ұялы телефоны: 87016566713
Бакауова Гүлстан Бекенқызы - инновациялық технологиялар және толеранттылық білім беру орталығының аға оқытушысы, ұялы телефоны: 8778 908 26 42
"XXI ғасырдағы толеранттық педагогикасы - даму жолдары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына
қатысушының өтініші
1. Конференцияға қатысушы (баяндамашы) туралы ақпарат:
Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________
Лауазымы ___________________________________________
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Жұмыс орны ________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы ______________________________________
Байланыс телефондары _________________________________
E - mail:
2. Ұсынылып отырған жұмыс туралы ақпарат:
Автор(-лар)ы______________________________________________
Атауы ____________________________________________
Конференцияның баяндама мәлімденген бағытын көрсету (ақпараттық хатта - жұмыстың бағыты)
_____________________________

 

 



485

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler