қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Халықаралық ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
22.09.2017

 

ҚАЗҰПУ БЕЛСЕНДІЛЕРІ РЕКТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

       2017 жылдың 16 қыркүйегі күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінің ректоры, профессор Балықбаев Такир Оспанұлы университет белсенділерімен кездесті. Ректор барша студенттер қауымын  жаңа оқу жылымен құттықтап, университеттегі білім жүйесін жаңғырту, жастардың ғылыми ізденістері мен шығармашылығын дамыту бағытындағы алдағы жоспарлармен қысқаша таныстырып өтті. Ол өз  сөзінде: «Құрметті жастар, бүгін басқосуымыздың мақсаты -  сіздерді болашақ жоспарлармен таныстырып, өздеріңізбен пікір алмасу. Өздеріңізге белгілі биылғы жылы білім алушыларымыздың саны 300-ге артты. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті көтеру үшін біз ең алдымен кадрлық әлеуетіміз бен кәсіби-бағдар бағытындағы жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Биылғы жылы оқу сапасын арттыру үшін  білім  мазмұнына көптеген өзгерістер енгізіліп, студенттердің сабаққа қатысуы қатаң қадағалауға алынатын болады. Шығармашылық мамандықтардан басқа барлық пәндер бойынша емтихандар тест және жазбаша жүргізіліп,  университеттің инфрақұрылымын жақсартуға үлкен мән берілетін болады. Жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту  соның ішінде тамақтану орталықтарының сапасын көтеру, «бір терезе» қағидасы бойынша студенттерге қызмет көрсету орталықтарын ашу, жастардың бастамаларын қолдау, студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын жетілдіру, студенттік спортты дамыту, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, электронды университет құру мәселелесі  басты назарға алынады. Осы ауқымды жұмыстарды іске асыру үшін ең алдымен  сіздердің қолдауларыңыз қажет», - деп жастарға үлкен үміт артты.

      Одан әрі кездесу ашық микрофон форматында жалғасып, студенттер университет басшысына көйкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

             Кездесу соңында Такир Оспанұлы алдағы уақытта жастармен мұндай кездесулер жиі өткізілетіндігіне сенім білдіріп, белсенділерге  ризашылығы мен алғысын айтты. 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі басқарма

 

 



18

Кері оралу