қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
14.08.2017

 

 

ҰЛЫ АБАЙДЫ ҰЛЫҚТАУ - ПАРЫЗЫМЫЗ

 

        Қазақтың бас ақыны - Абайдың әдеби мұралары арқылы жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, терең мағыналы  сөз маржандары мен ой жауһарларын кеңінен насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 10 тамызы күні Тәрбие басқармасы және «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының  бірлесе ұйымдастыруымен «Қайталанбас даналықтың бейнесі» атты танымдық шара өткізілді.

         Ұлы Абайдың туған күніне орайластырылған шара  Абай атын иемденген қара шаңырақтың бас ғимаратының алдындағы Хәкім ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталып, «Абайтану» мұражайында ғұлама ақынның рухына тағзым жасалды. Одан әрі шара «Абай - дана, Абай - дара» атты кеңейтілген дөңгелек үстелге ұласты. Дөңгелек үстел жұмысын университетіміздің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев ашып, сөз кезегін «Хәкім Абай»  ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбетке берді. Абай әлемін тереңінен  зерттеп,  зерделеп жүрген ғалым-ұстаз өз сөзінде  жуырда ғана Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне жасаған саяхаты барысында алған әсерімен бөлісіп, әлі де болса зерттелуді қажет ететін тарихи жәдігерлер мен әдеби құндылықтар туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.

        Өз кезегінде университетіміздің белсенді жастары Хәкімнің  мұраларын насихаттау мақсатында қара шаңырағымызда атқарылып жатқан тағлымы мен тәлімі мол игі шараларға тоқтала келе, ұлы ақынның мұрасын ауқымы кең жобалар арқылы дүниежүзіне таныту бойынша  ұсыныстарын білдірді.

        Шара қорытындысында  белсенді жастарымыз университетіміздің құрылымдық бөлімшелерінде  «Абайды оқы, таңырқа...» атты акциясын өткізіп, «Абай айтады...» атты ақпаратты кітапшаларын таратты.

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар

 саясаты жөніндегі басқарма

 




Кері оралу