қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
20.06.2017

Әдістемелік семинар

«Шетелдіктерге арналған оқу -әдістемелік  құралдардағы  жаңа білім беру   технологиялары»

         Ағымдағы жылдың 19 маусымында Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасы «Шетелдіктерге арналган оқу -әдістемелік  құралдардағы  жаңа білім беру   технологиялары»  атты   әдістемелік  семинар өткізді.  Қазақстан Республикасының  жалпы білім беру мектептеріне  арналған  оқу -құралдарының авторлары болып табылатын кафедра оқытушылары  осы семинарда баяндамалар жасады. 

          «Оқу құралдарын жасау барысында  жаңа әдістемелік   тәсілдер» атты баяндамасымен кафедра профессоры Ф.Г. Брулева  сөз сөйледі.   «Мәдени сөйлеудің негіздері » пәні бойынша  3 курс шетел студенттері үшін   дәріс мысалының  көрсетілімі ұсынылды.

          Ф.ғ. к., доцент В.А. Казабеева   « Заманауи  оқулықты жазудағы талаптар»  атты баяндама жасады.  Қазақстан Республикасының  жалпы білім беру мектептеріне  арналған   заманауи оқулықтардағы  қолданылып жүрген  білім беру технологиялары  талқыға салынды.

                Кафедра меңгерушісі , п.ғ.д. С. Б. Бегалиева жаңа оқу материалы бойынша жұмыс  істеудің әдістемелік жолағын құрасытырудағы тәжірибесімен бөлісіп, әртүрлі  қызметтерді атқаратын жаттығулардың тізбегі жөнінде мысал кертірді.           

        Ф.ғ.к. , профессор Т.Ж. Тоқтарова  10 сынып оқушыларына арналған орыс тілі  оқулығы негізінде ,заманауи оқулықтардың   оқу құралының  мазмұнын және оның әдістемелік тұжырымдасын  құрастыру  кезінде  жаңа әдісметелік, теориялық, педагогикалық және ғылыми -әдістемелік негіздерінің  қолдануылуы жүйелік   көзқараспен ерекшеленетіндігін көрсетті.

       Келесі баяндамада ф.ғ.к. , доцент Г.М. Нурахунова  әдебиет  бойынша оқулықтардың мәселесін баяндады. Ол  оқулықтардың мазмұны  білім беру бағдарламаларының  деңгейіне (сатылай оқыту), сонымен қатар   білім алушылардың жас  және психологиялық  ерекшеліктеріне сай оқу басылымдарының құрылымдық және әдістемелік  аппаратының заманауи  ғылыми көзқарастарына сәйкес екендігін атады.

          Барлық баяндамалар  үлкен қызығушылық пен  қызу талқы тудырды.  Аталмыш оқу семинары барысында  шетел студенттеріне арналған оқу құралдары мен оқулықтарын  жасаудағы жаңа тәсілдерді  қолдану мүмкіндіктері талқыланды.  Жаңа білім беру технологияларын ескере отырып, шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасында білім алып жатқан шетел студенттеріне  арналған оқулықтарды  жарыққа шығару бойынша авторлық ұжым құру  туралы шешім қабылданды.

 

 

 

 



691

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler