қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
13.06.2017

Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдерінің Польшаға сапары аяқталды

 

        2017 жылдың 9 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ Оқу ісі жөніндегі проректоры, философ.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы Слупск қаласындағы Помор академиясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
       Жақын арада Помор академиясымен дайындалған баклавриат пен магистратура студенттеріне қос диплом туралы шартқа қол қойылатын болады.
       Біздің өкілді польшалық әріптестеріміз жылы қабылдап, қонақжайлылық танытты. Қазақстандық қонақтар Помор академиясының жаңа институтында, кітапхана, студенттік концерт, түлектер мерекесінде, «Орыс әлемі» қорының мәдени орталықтарында болып қайтты.
        Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Әбішева Сәуле Жүнісқызы академияның неофилология институтанда семестрлік білімдерін тәмамдайтын студенттеріміз Назли Қадырова мен Айгерім Серікбаймен кездесті. Делегацияға көмек беріп, гид қызметін атқарған Максим Пономаренко - Абай атындағы ҚазҰПУ магистранты, ал қазір Помор академиясының докторанты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра русского языка и литературы

 

 



684

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler