қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Халықаралық ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Ғылыми кітапхана
  Сорбонна - Казахстан Институты
Оқу порталы
  «Univer» жүйесі
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
19.05.2017

         19 мамыр күні Педагогика және психология институтына Қытай Халық Республикасы, Құлжа қаласы, Іле педагогикалық университеті Оқу-ағарту институтының директоры, п.ғ.д., профессор Рын Биың Шын (Ren Bing Хin) мырза, Оқу-ағарту институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, PhD доктор Шу Хуин (Shi Xueyun) мырза, Оқу-ағарту институтының доценті Нұрсара Жүніс ханым қонаққа келді.
        Институты директоры, п.ғ.д., профессор ӘЛМҰХАМБЕТОВ БЕРІКЖАН АЙТҚҰЛҰЛЫ мен Іле педагогикалық университеті Оқу-ағарту институтының директоры, п.ғ.д., профессор РЫН БИЫҢ ШЫН ынтымақтастық туралы өзара келісім шартқа қол қойды.
         Екі институт қол қойған келісім шарттың негізінде алдағы уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүзеге асыруға, институт оқытушылары мен студенттерінің, магистранттары мен PhD докторанттарының өзара тәжірибе алмасуына қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, ғылыми конференциялар мен семинарларды, симпозиумдарды бірлесіп ұйымдастыру мәселелері де қозғалды.
      Аталған іс-шараға Педагогика және психология институты директорының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамы және студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты.

 

 

 

 

 



60

Кері оралу