қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.05.2020

Түлектерді бос жұмыс орындарына жіберу туралы ақпарат



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Мансап» орталығы бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларының түлектерін бос жұмыс орындарына 2020 жылдың 15 сәуірінен 30 мамырына дейін жібереді.

Түлектерді жұмыспен қамту рәсімнің тәртібі онлайн режимде қаралды. Түлектерді жұмысқа орналастыру WhatsApp (8 778 908 17 33; 8 708 957 29 46) және Mail.ru электрондық поштасы (opit_kaznpu@mail.ru) арқылы жүзеге асырылады. Түлектер өздерін қызықтырған кез келген сұрақтарға жауап ала алады. Онлайн режимінде бос жұмыс орындарын бөлу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:


- WhatsApp желісінде түлектер үшін құрылған топтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ институт басшыларының түлектермен онлайн-кездесулері өткізіледі;

 

- WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы бос орындар тізімі жіберіледі;


- Түлектер өздеріне қолайлы жұмыс орнын таңдайды және белгіленген үлгі бойынша өз деректерін толтырып, оларды Mail.ru немесе WhatsApp жолдайды.

Жұмысқа орналасу және практикадан өту мәселелері бойынша «Мансап» орталығының қызметкерлерімен хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: 8 778 908 17 33; 8 708 957 29 46, opit_kaznpu@mail.ru.



91

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler