қазақша · русский · english
 
Алтын Орданың 750 жылдығы
 
 

Т.Балықбаев: Алтын Орда - қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын елімізге шетелдік туристерді тарта отырып атап өтуді тапсырды. Өздеріңіз білесіздер, ол бұл туралы 2019 жылдың тамыз айында өткен «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында айтқан болатын.

 

Қазір не десек те, Алтын Орда және оның хандарының билік еткен жылдары - бүкіл адамзат тарихындағы ерекше бетбұрыс кезең болды. Бүкіл Еуразия құрлығын алып жатқан ең ірі империяның негізін қалаушы Шыңғысханның «Әлемнің жаулаушысы» деп аталуы кездейсоқ емес, және оның тұлғасы әлі күнге дейін көптеген құпиялар мен жорамалдарға толы. Бұл кезең, әрине, қазақ халқының тарихы мен тағдыры үшін де ндағы маңызды кезең. Әртүрлі тарихшы ғалымдардың пікірінше, ол кезде Қазақ мемлекеті болған жоқ, бірақ қазіргі қазақтардың ата-бабалары болып табылатын көптеген түркі тайпалары болды, олардың бірігуі Қазақ хандығының құрылуына негіз болды. Ресми түрде оның тарихы 500 жылдан асады.

 

Президентіміздің осындай тарихи сәттерді Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға шақыруы бекер емес. «Экономиканың маңызды бағыты ретінде туризмді, әсіресе экологиялық және этнотуризмді дамытуға ерекше назар аудару қажет. Алтын Орданың 750 жылдығын туристердің назарын біздің тарихымызға, мәдениетімізге, табиғатымызға тарту тұрғысынан атап өту керек. Туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылымның, әсіресе жолдардың құрылысын қамтамасыз ету, сондай-ақ білікті мамандарды даярлау маңызды», - деді ол 2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.

 

Бұған дейін ел Президенті Алтын Орданың мерейтойы қарсаңында Ұлытау өңірін (Қарағанды ​​облысы) этнографиялық туризм орталығы етіп құруды ұсынған болатын. Сонымен қатар, ол Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының кесенесінің де туристерді тарту орталықтарының бірі бола алатындығын атап өтті. «Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру - өте маңызды міндет», - деді Қ.Тоқаев.

 

Иә, біз өткен тарихтан тек пайдалы сабақтарды үйреніп, оларды ел руханиятын дамыту үшін пайдалануымыз керек. Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу Қазақстан экономикасының дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін. Еліміздің туризм индустриясы үшін кадрлар дайындап келе жатқан біздің университетіміздің Жаратылыстану және география институты бұл іске өзінің лайықты үлесін қосады деп сенемін.

 

11
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler