қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.09.2011

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Магистратура және РҺD докторантура институты және
Тарих факультеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2011 жылдың 20-маусымында сағат 14.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-де тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханзада Ағыбайқызы Сүтееваның 60 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Орталық Азия: тарих және қазіргі заман» атты жоғары оқу орындарыаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция барысында талқылауға ұсынылатын мәселелер:
1. Қазақстан, Орталық Азия тарих айнасында
2. Орталық Азия елдерінің қазіргі заманғы саяси, экономикалық және
мәдени байланыстары
Конференцияның жұмыс тілдері:
Қазақ және орыс тілі
Баяндама тезисін дайындаудың үлгісі:
Баяндама мәтіні (А-4 форматта 5 беттен аспау керек)Word 6,0 (7,0) шрифт Times New Roman, Kz Times New Roman мәтіндік редакторы бойынша жазылады (жоларалық интервал - 1, кегль - 14, барлық жиектері - 2 см).
Баяндама тезисінің атауы жол ортасында қалың шрифтімен бас әріптермен; бір жолдан кейін қалың шрифтімен автордың аты-жөні; келесі жолда жұмыс орны (толық атауы), қала, ел аты; бір жолдан кейін негізгі мәтін басылады.
Конференцияға қатысушылардың баяндамасының тақырыбы мен өзі туралы мәліметтерді 2011 ж. 25 мамырына дейін төмендегі адрестерге жіберулеріңізді сүраймыз: gulmirajanas@mail.ru
Баяндама 2011 ж. 30 мамырына дейін қабылданады.

Ұйымдастыру комитеті


Ұйымдастыру комитетінің адресі: 050010, Алматы, Жамбыл көшесі, 25, Магистратура және РҺD докторантура институты, 13 - кабинет. Гуманитарлық мамандықтар кафедрасы.
Анықтама телефоны:8(7272) 91-46-72,87026880185, 877709925657
Жауапты хатшы: т.ғ.к. Нұрман Ш.Т. тел: 87025553410

 



573

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler