қазақша · русский · english
   
Талапкерлерге

 

Оңтүстік Қазақстан облысы 18.04 - 23.04 .2016 ж

Кәсіби бағдар беру форумы

 

Жамбыл облысы 25.04 - 29.04 .2016 ж

Кәсіби бағдар беру форумы

 

Алматы облысы: 04.04-08.04 2016 жыл аралығындағы кәсіби бағдар жұмысы

 

Институт (факультет) тарихы бүгінгі таңдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің алғашқы күнінен, яғни 1928 жылдан басталады. Осы жылдарда институтта алғашқы кафедралар ашылды, олар - ботаника, химия, зоология кафедралары. Университет  1932 жылы  еліміздегі жоғары оқу орны арасындағы жаңадан ашылған география бөліміне алғашқы студенттер қабылдады.

1940 - жылдардың басында факультет тұтас бір құрылымға айналды, оның бұлай қалыптасуына  1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы да бөгет болмады. Соғыс жылдарында факультет бүкіл республика өңіріне мұғалім кадрларын дайындаумен қатар, тұрақты әскери  бөлімшелерге де  барынша  зор көмегін көрсетті.

Осы жылдары институттың қалыптасуына және одан әрі өсуіне жергілікті ғылыми педагогикалық кадрлармен қатар, үкімет шешімдерімен соғыс кезінде ірі ғылым ордаларынан Алматыға келген ғалымдар мен оқытушылар үлкен үлес қосты. 

Бұдан кейін, 1955/1956 оқу жылы бұл екі факультет  жаратылыстану - география факультетіне бірікті. 1991, 1999, 2008 бөлініп, қосылып, қайтадан бөлінді, ал 2014 жылы Болон декларациясына сәйкес, алдыңғы қатарлы инновациялық университеттер құрамына ену мақсатында жаратылыстану және география институты болып қайта құрылды.

Жаратылыстану және география институтында мамандар даярлау   оқытудың барлық формасы бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.       Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың 5 қыркүйек 2012ж жастарға арнап оқыған интерактивті дәрісінің орындалуын жүзеге асыру мақсатында 5В011200-химия, 5В011300-биология  5В060900-география  мамандықтарда көптілді топтар ашылып, дәріс алуда.  Біздің иститутымызды елімізге және әлемге, ғылым және білім беру ісінің белгілі қайраткерлері бітірген, олардың  ішінде академиктер және корреспондент-мүшелері: А.С. Бейсенова, А.И.Сембаев, И.В. Северский, Б.А. Бірімжанов,  Л.К.Клышов, А.Б.Бекенов, Р.Е.Елешов, Е.А.Мәмбетқазиев және басқалар бар.

Институт құрамында география және экология бойынша ғылыми-әдістемелік орталық жұмыс істейді. ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты г.ғ.д., профессор  А.С. Бейсенова жетекшілік жасайды  және  4000  астам Қазақстандағы әртүрлі гүлді өсімдіктердің гербарилер қоры  бар.

Тек өткен оқу жылында оқытушы-профессорлар құрамымен, студенттер және магистранттар 300-ден астам ғылыми және ғылыми әдістемелік еңбектер (монографиялар, электронды оқу құралдары,  мақалалар және оның біршамасы импакт - фактор журналдарында) жарияланған.

Жаратылыстану және география институты ұжымының мамандар даярлаудағы  іс-тәжірибесі мол. Көптеген профессор-оқытушылардың ғылыми еңбектері жоғары, орта және арнайы оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерге арналған.

Жаратылыстану және география институтында профессор-оқытушылар арасында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» мемлекеттік гранттың иегерлері және үздік оқу құралына арналған републикалық конкурстың жеңімпаздары,  жаратылыстану және география оқулықтары бойынша отандық жаңа буын оқулығының авторлық ұжымдары мен авторлары бар, атап айтсақ А.С.Бейсенова, А.Ф.Сейтжанов, К.К.Мухамбетжанов,

Ж.А. Шоқыбаев, Ж.Б.Шілдебаев, Б.А.Мансуров, Т.О.Увалиев,

Б.Ш.Абдиманапов, К.Д.Каймулдинова, Қ.А.Жумағұлова және т.б.

Лиссабон конвенциясы және Болон декларация аясында, біздің республикамыз қол қойған, білім берудің халықаралық жүйесіне кіру жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру жүйесін, оның ішінде химия, биология және географияны оқытуды түбегейлі өзгертті, бұл білім берудің жаңа стандарттарын жасауға алып келді.

ПОҚ біліктілігін арттыру мақсатында «Өрлеу» институты арқылы біздің профессор-оқытушыларымыз: Германия, Италия, Португалия, Испания ЖОО біліктілігін арттыруда. Қазіргі кезде институтта бірнеше жобалар мен ғылыми бағдарламалар дайындалуда. Институт  кафедралары ҚР БҒМ жүйесінің жоғары оқу орындары және ғылыми  - зерттеу  мекемелерімен, ТМД елдері және алыс шетелдер (РФ, Украина, Беларусия, ҚХР, ГФР, Туркия, Кипр және т.б.) университеттері және институттарымен тығыз байланыс орнатқан.

5В090200-туризм мамандығы бойынша Кипр университетімен  қос дипломдық бағдарлама  жасау  жүзеге асырылуда.

Институт аталмыш мамандарды дайындау бағытында  алты іргелі кафедра жұмыс жасайды: «Химия», «Елтану және туризм», «Қазақстан географиясы және экология», «Ботаника және жалпы биология», «Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі», «Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясы» кафедралары. Профессор-оқытушылар құрамы ҚР білім беру саласына лайықты кадрлар дайындауға мүмкіндік береді. Бұл мамандықтар бойынша дәріс сабақтарын академиктер, профессорлар, доценттер жүргізеді. Оқу үрдісі кредиттік технологияны пайдаланып, инновациялық әдістерді қолдану негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, студенттердің  дипломдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру бағыттарында жұмыс жүргізіледі. Кафедралардың материалдық базасы қазақ және орыс тілдерінде оқулықтармен және оқу әдістемелік қорымен жабдықталған. Теориялық білім оқу дала, зоналық, педагогикалық практикалармен жалғасады.

Институтта студенттер экскурсовод-гид мамандығы бойынша күәлік және сертификат алады. Практикалар Алматы қаласы мен Алматы облысында, ал кешенді зонааралық практика Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүргізіледі. Бітіруші түлектер әрі қарай өз білімдерін магистратурада және докторантурада жалғастыруға толық мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда институтта күндізгі және сырттай бөлімдерде 815-тен астам студент, магистрант және докторанттар оқиды  және  105 профессор-оқытушылар мен 23 оқу көмекші құрамы қызмет атқарады.

Бүгінгі таңда ұл балалармен қатар қыз бала студенттер әскери дайындық кафедрасынан дайындықтан өтуге мүмкіндіктері бар.

Қазір, институт құрамында алты  арнайы кафедралар бар, олар төмендегі  пәндер жүйесін оқыту арқылы мамандар даярлайды:

1.  Химия кафедрасы: бейорганикалық және органикалық химия, аналитикалық химия, физикалық пен коллоидтық химия және химиялық технология, химия пәні мұғалімі, химия және биология пәні мұғалімі бойынша;

2. Ботаника және жалпы биология кафедрасы: ботаника ( өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы,  өсімдіктер систематикасы), генетика, эволюциялық ілім, қолданбалы биология және топырақтану, биохимия және өсімдіктер физиологиясы, биология пәні мұғалімі  бойынша;

3. Елтану  және туризм кафедрасы: география бакалавры, география және экология мұғалімі, география және тарих пәні мұғалімі, қызмет көрсету бакалавры, (туризм менеджері, туризм пәндерінің оқытушысы), география пәні мұғалімі және мектептегі туристік өлкетану жұмысын ұйымдастырушы;

4. Қазақстан географиясы және экология кафедрасы: география бакалавры, экология бакалавры, экология пәнінің  мұғалімі,  ғылыми-зерттеу орталықтарының маманы, мекемелерде  эколог қызметкері және биотехнология, табиғат қорғау мәселелері бойынша;

5. Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы: Адам және жануарлар физиологиясы, мектеп гигиенасы және жас ерекшеліктері физиологиясы, зоология (омыртқалылар және омыртқасыздар),  тіршілік қауіпсіздігі бойынша;

6. Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясы кафедрасы: жаратылыстану (химия, биология, география және экология т.б.) пәндерін оқыту әдістемелері мен технологиялары пәндері бойынша мамандықтар дайындайды.

      Институттың барлық кафедраларында магистратураға талапкер дайындауға толық жағдай жасалған.

Институт төмендегідей мамандықтар және қосымша (мамандандырулар) бойынша мамандар даярлайды:

шифрі

Мамандық атауы

Мамандандыру (яғни қосымша немесе бағдарлы мамандандырулар)

Мамандық біліктілігі

Оқу қалпы мен мерзімі

Оқу түрі

5В011200

Химия

Биология

Экология

Ағылшын

Химия бакалавры

Химия және химия-биология мұғалімі

Күндізгі -4 жыл

Колледжден кейін

Күндізгі -3жыл

Сырттай-3жыл 2ЖОО-2 жыл

Грант, ақылы

Грант, ақылы

 

5В011300

Биология

Ағылшын

Биология бакалавры

Биология мұғалімі

Күндізгі -4 жыл

Колледжден кейін

Күндізгі -3жыл

Сырттай-3жыл 2ЖОО-2 жыл

Грант, ақылы

Грант, ақылы

 

5В011600

География

География және  экология

География және тарих

 

География және  туризм

 

 

География-экономика негіздері

 

География бакалавры география және экология,

география және тарих мұғалімі

 

География пәні мұғалімі және мектептегі туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастырушы

 

География және қаржылық сауаттылық пен экономика негіздері пәндері мұғалімі

Күндізгі -4 жыл

Колледжден кейін

Күндізгі -3жыл

Сырттай-3жыл 2ЖОО-2 жыл

Грант, ақылы

Грант, ақылы

 

5В060600

Химия

Химия мамандандырулары  (органикалық, бейорганикалық, физколлоидтық химия, мұнай химиясы т.б.)

Химия бакалавры

Химик

Күндізгі -4 жыл

Колледжден кейін

Күндізгі -3жыл

Сырттай-3жыл 2ЖОО-2 жыл

Грант, ақылы

Грант, ақылы

 

5В060700

Биология

Биология мамандандырулары (ботаника, зоология, физиология, валеология, генетика т.б.)

Биология бакалавры

Биолог

Күндізгі -4 жыл

Колледжден кейін

Күндізгі -3жыл

Сырттай-3жыл 2ЖОО-2 жыл

Грант, ақылы

Грант, ақылы

 

5В060800

Экология

Эколог

Экология бакалавры,экология пәнінің  мұғалімі,  ғылыми-зерттеу орталықтарының маманы, мекемелер  эколог қызметкері

Күндізгі -4 жыл

Колледжден кейін

Күндізгі -3жыл

Сырттай-3жыл 2ЖОО-2 жыл

Грант, ақылы

Грант, ақылы

 

5В060900

География

Жаратылыстану

География бакалавры, географ

 

Күндізгі -4 жыл

Колледжден кейін

Күндізгі -3жыл

Сырттай-3жыл 2ЖОО-2 жыл

Грант, ақылы

Грант, ақылы

 

5В090200

Туризм

Туризм және туризмді оқыту

Қызмет көрсету бакалавры,

(туризм менеджері, туризм пәндерінің оқытушысы)

Күндізгі -4 жыл

Колледжден кейін

Күндізгі -3жыл

Сырттай-3жыл 2ЖОО-2 жыл

Грант, ақылы

Грант, ақылы

 

 

Институт төмендегі мамандықтар бойынша

магистратураға қабылдайды:

 

- 6М011200-химия                                     - 6М060700-биология

- 6М011300-биология                                - 6М060800-экология

- 6М011600-география                              - 6М060900-география

- 6М0606-химия                                         - 6М090200-туризм

 

МАГИСТРАТУРАҒА  ТАПСЫРУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 - бакалавр диплом,

 - түсу емтиханын тапсыру үшін шетел тілін тиісті деңгейде білу.

    Мақсатты даярлық  аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратураға талапкер тұлғалар, мақсатты даярлық орны берілген ұйым басшысы тарапынан фирмалық бланкіге жазылған жолдама-хат алып келеді.

БАҒДАРЛАМАҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ

Магистратураға талапкер ҚР азаматтары тапсырады:

 - стандартталған сынақтан өткізу технологиясы бойынша шетел тілінен емтихан (ағылшын, неміс, француз және қажет болған мамандықтарда араб тілі);

 - мамандығы бойынша емтихан.

Шетел азаматтары тапсырады:

 - қазақ немесе орыс тілін (оқу тілі),

 - мамандығы бойынша емтихан.

 

PhD-докторантура бағдарламасының төменгі мамандықтары бойынша мемлекеттік лицензия қосымшаларына ие

(ҚР БҒМ тарапынан мемлекеттік тапсырыс болған жағдайда мамандықтарға қабылдау жүргізіледі):

 

 - 6D011200 - химия                                     - 6D060600 - химия

 - 6D011300 - биология                                - 6D060700 - биология

 - 6D011600 - географи                                - 6D060900 - география

 

PhD бағдарламалардың басымдылықтары:

- халықаралық деңгей;

- педагогтар мен ғылыми кеңесшілердің жоғарғы кәсіби құрамы;

 - әлемнің жетекші университеттерінің игі тәжірибелерін пайдалану;

 -шетелдік серіктес-жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарының

 ғылыми кеңесі.

 - шетелдік ғылыми тағылымдама.

 

PhD-ДОКТОРАНТУРАҒА ТАПСЫРУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 - Магистр академиялық дәрежесі бар адамдар (мемлекеттік білім беру грантын алу үшін конкурста магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытын бітіргені жайлы GPA үлгерімдік орта баллы 3,33 (4,0-ден) немесе 90% (100%-дан) кем болмауы қажет);

 - PhD-доктотартураға түсемін деуші талапкер тапсырыс бойынша PhD-докторантураға талапкер тұлғалар, мақсатты даярлық орны берілген ұйым басшысы тарапынан фирмалық бланкіге жазылған жолдама-хат алып келеді.

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ

Докторантураға талапкер ҚР азаматтары тапсырады:

 - стандартталған сынақтан өткізу технологиясы бойынша шетел тілін (ағылшын,неміс,француз);

- мамандығы бойынша.

Шетел азаматтары тапсырады:

 - қазақ немесе орыс тілін (оқу тілі бойынша);

 - мамандығы бойынша.

БАКАЛАВРИАТҚА ОҚУҒА ТАПСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1.     Ректордың атына өтініш (үлгі бойынша);

2.     Жалпы орта, кәсіптік бастауыш немесе кәсіптік орта білім туралы құжаты (түпнұсқасы);

3.     3х4 көлеміндегі 6 фотосуреті;

4.     ҰБТ-ның және кешенді тестілеудің сертификаты;

5.     086-У нысанындағы медициналық анықтама;

6.     Әкімшілік растаған еңбек кітапшасының  көшірмесі (жұмыс істейтіндер үшін);

7.     Мемлекеттік гранты тағайындалған туралы куәлігі (ол болған жағдайда) алуға құқығын растайтын құжат.

 

 

МАГИСТРАТУРАҒА ЖӘНЕ PhD-ДОКТОРАНТУРАҒА ТАПСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ  ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1.     Ректордың атына өтініш (үлгі бойынша);

2.     Жоспарланып отырған отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісілген (ғылыми кеңесшінің қолу жұмыс орнының мөрімен расталу керек) жобаланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі (тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу нысаны мен пәні, ғылыми жаңалығы, күтілетін ғылыми нәтиже, теориялық және қолданбалы маңызы және болжамдағы диссертациялық жұмыстың құрылымы);

3.     Жеке куәлігінің көшірмесі;

4.     Талапкер сауалнамасы (көк сиямен өз қолымен баспа әріптермен жазылады);

5.     Нотариус куәландырған диплом және оның қосымшасының көшірмесі;

6.     Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарының  тізімі;

7.     086-У  түрі бойынша медициналық анықтама;

8.     Кадр есебі жөніндегі жеке іс-парағы;

9.     Нотариус куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;

10.                        Егер бар болса шетел тілін тапсырғаны туралы сертификат (TOEFL  және т.б.)

11.                        Мекеме атынан оқуға ақылы негізде түсушілер үшін шартқа отыру төлемақысын төлейтіндігі туралы кепіл хат немесе заңды тұлғамен келісім-шарт;

12.                        Мекен-жайы туралы анықтама (ХҚКО);

13.                        3х4 көлеміндегі 6 фотосуреті;

14.                        Құжаттардың тізімдемесі.

 

Бакалавриатқа құжат қабылдау 20 маусымнан басталады

 

       Магистратураға  және PhD-докторантура үміткерлердің құжаттарын қабылдау Абай атындағы ҚазҰПУ 2016 жылдың 10-30 шілдесі аралығында жүргізіледі.

 

 

 

 

 

Біздің мекен - жайымыз:

050060, Алматы қ.,

Қазыбек би көшесі, №30.

№1 оқу ғимараты, № 414,417,419 каб.

Телефон: 8(727)291-83-91, 8(727)291-47-66

Қосымша байланыс телефондары:

Манапов Нұрлан - +77772934231

Бирталаев Ерлан - +77759753695

Майматаева  Асия - +77014172206

Бейкитова Альбина - +77776952175

E-mail:nurlanm66@mail.ru

kafedraecology@mail.ru

www.kaznpu.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1972
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler