қазақша · русский · english
   

 

Кафедра жанында «Тіл-таным» қазақ тілін тереңдетіп оқыту бойынша студенттік ғылыми клуб жұмыс істейді. Клуб жетекшілері: аға оқытушы Меруерт Сарсенбекқызы Әлібаева және доцент Сауле Нұрғали.


Ғылыми клуб жұмысының мақсаты - студенттерді өзін-өзі дамыту және өз беттерінше білім алу үдерісіне белсене араластыру, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру арқылы қажетті мамандарды қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және дамыту. «Тіл-таным» ғылыми клубының студенттері 3 айда бір рет өздерінің газеттерін шығарады. Студенттік ғылыми клубтың маңызды міндеті - ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.


Клуб мүшелері жыл сайын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты салтанатты кешті ұйымдастыруға белсене қатысады. Патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында театр қойылымдарына барады, мысалы, 12.10.2017 ж. «Қыз Жібек» қойылымы, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларына, Тіл және оны дамыту күніне арналған дөңгелек үстелдер, сонымен қатар тілді білу бойынша сайыстар өткізеді. Университеттің 90 жылдығына орай «Ұлттық университет - ұтымды таңдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Клуб мүшелері университеттің, директораттың, кафедраның барлық іс-шараларына белсене қатысады.


Сондай-ақ, кафедра жанында орыс тілі оқытушыларының секциясы ұйымдастырған «Педагогикалық риторика» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жетекшісі: проф. Гүлмира Абзалханқызы Қажығалиева.


Үйірменің мақсаты - педагогикалық риторика негіздерін игеру арқылы болашақ педагогтардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру және дамыту болып табылады, ал басты идеясы - студенттердің өзін-өзі тануын дамыту, болашақ педагог мамандығына деген қызығушылығын дамыту және студенттердің риторика дағдылары мен шеберлігін дамыту.


Үйірме қатысушылары педагогика және психология институтының, өнер, мәдениет және спорт институтының 1-ші курс студенттері.


Сабақтарды өткізу жиілігі - айына бір рет.


Үйірме қатысушылары жалпы және педагогикалық риториканың негізгі ұғымдары мен терминдерін, дау-дамайсыз педагогикалық қарым-қатынастың негізгі стратегиясы мен тактикасын, шешендік сөйлеудің ерекшеліктерін үйренеді: ауызша сөз сөйлеу, «кері байланыс» формасымен танысады; тыңдаушылар үшін сөздің мазмұнына қол жеткізуді үйренеді; кітап-жазба түрінен жанды түріне ауысу мүмкіндігіне қол жеткізеді; әртүрлі байланыс құралдарын қолдануды (лингвистикалық және паралингвистикалық) үйренеді; көрермендердің алдындағы тыныштықты сақтау қабілетіне ие болады; техникалық құралдарды және көрнекі құралдарды уақытқа бағытталған және тиісті түрде пайдалануды үйренеді; аудиториямен байланыс орнату және оған қажетті нәтижеге қол жеткізу және т.б. айлаларын үйренеді. Жоғарыда аталған шешендік сөз сөйлеудің барлық ерекшеліктері студенттік ғылыми конференцияларда сауатты, әрі құзіретті сөз сөйлеуге ықпал етеді.


Сонымен қатар, студенттер үйірме сабақтарында сөйлеу қызметінің негізгі түрлерімен, оқытушының сөйлеу мәдениетімен танысады, педагогикалық қарым-қатынастың, яғни тілдесудің түрлерін, функцияларын, жанрларын қарастырады.


Қорытынды сабақтарда үйірме қатысушылары көпшілік алдында педагогикалық мазмұндағы сөз сөйлейді. Үздік сөз сөйлеулер мақтау қағаздарымен марапатталады.

 

2017-2018 оқу жылының Педагогикалық риторика атты ғылыми үйірменің жоспары

2017-2018 оқу жылының  Тіл-таным ғылыми клубының жоспары

2017-2018 оқу жылының Педагогикалық риторика атты ғылыми үйірменің есебі   (Презентация)

2017-2018 оқу жылының Тіл-таным клубының жылдық есебі