қазақша · русский · english
 
 
 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы төмендегі бағыттарда жүзеге асырылады: 1. Дәстүрлер мен инновациялар мәнмәтінінде қазақ және орыс тілдерін оқыту; 2. Шеттілді аудиториялардағы орыс тілі мен әдебиеті: теория және практика. 3. Жалпы білім беретін мектепте орыс тілін оқыту әдістемесі: жаңа буын оқулықтарын дайындау.


Университеттің мәртебесін көтеру саясаты бойынша кафедра төмендегідей іс-шараларды өткізді:
1. 2018 жылдың 6 сәуірінде кафедра дәстүрлі «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде атты Жас ғалымдардың Х-шы халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты жас мамандарды ғылыми білім беру қызметіне тарту, олардың шығармашылық белсенділігі мен кәсіби тұрғыдан өсулеріне әсер ету. Конференцияға алдыңғы қатарлы ғалымдар, жас ғалымдар мен оқытушылар, докторанттар, магистранттар, конференция тақырыбының шеңберінде ғылыми зерттеулермен айналысатын жоғары оқу орындары мене колледж студенттері қатысты. Конференция жұмысының нәтижесі бойынша конференция материалдарының жинағы жарық көрді, қатысушыларға сертификаттар, ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар табысталды. Үздік баяндамалар мақтау қағаздарымен марапатталды.


2. 2018 жылдың 20 маусымында педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Б.Баязовнаның 60 жылдығына арналған «Білім берудегі қазіргі педагогикалық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Бас елшілігінің елшісі И.В.Переверзева, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор, Құлсариева А.Т., ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі; Ахметова М.К., Орталық Азиялық университеттің стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық ісі жөніндегі проректоры, психология ғылымдарының докторы, РЖА академигі; Мамыров Талгат, Халықаралық қазақ-қытай тілдік колледжінің директоры, бизнес әкімшілігінің (DBA) докторы; Сейтахметова Н.Л., философия ғылымдарының докторы, ҚР БжҒМ ҒК саясаттану мен дінтанудың корреспондент мүшесі; Нуршаихова Ж.А., филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры және басқа да танымал ғалымдар қатысты.


3. 2018 жылдың 7 желтоқсанында кафедра Абай атындағы ҚазҰПУ-да Халықаралық ынтымақтастық басқармасы мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика және психология кафедрасының, сонымен бірге Ресей білім беру академиясының (Мәскеу қ., Ресей) бірлесуімен «Менің кешегім», «Менің бүгінім», «Менің ертеңім» атты студенттердің форумы ұйымдастырылып, өткізілді.


2018 ж. кафедрадағы ПОҚ-тың жалпы ғылыми жарияланымдарының саны 55-ті құрайды:
- ҚР БжҒМ ҒК-нің ғылыми мақалалары - 2;
- ҚР басқа да журналдарында жарық көрген ғылыми мақалалар -19;
- Жақын шетелдегі конференция тезистері - 2;
- ҚР конференция тезистері - 23;
- Мектептерге арналған оқулықтар - 2;
- Мектептерге арналған оқу құралдары - 5;
- Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары - 2.


Ғылыми байқауға қатысатын студенттер мен магистранттардың саны артты. 2018 жылы олардың саны 35 адамды құрады.


Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
2018 жылы 6 сәуірде өткізілген «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» атты Жас ғалымдардың Х-шы халықаралық ғылыми конференциясына 31 студент пен магистрант қатысты.


2018 жылдың 14 қарашасында шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық (Foundation) кафедрасының Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен магистранттарының 73-ші ғылыми конференциясы өткізілді. Жұмыс «Тілдің лингвомәдени аспектілері» секциясында жүргізілді. ЮЕСЮ (ҚХР) Чжэцзян шет тілдері институтынан академиялық ұтқырлық бойынша келген студенттердің «Шетелдік білім алушылардың сөздік қорын молайтудың маңыздылығы туралы» баяндамалары қызығушылық тудырды. Чжень Цзуньдань, ғылыми жетекшісі: Бегалиева С.Б., п.ғ.д., профессор; «Этимологиялық әдіс тіл құрылымын зерттеудің бір тәсілі ретінде», Чжоу Ивей, ғылыми жетекшісі: Бегалиева С.Б., п.ғ.д., профессор. Студенттердің үздік баяндамалары мақтау қағаздарымен марапатталды.


2018 жылдың 7 желтоқсанында өткізілген «Менің кешегім», «Менің бүгінім», «Менің ертеңім» атты студенттердің форумына қатысқан 1-4 курс студенттері «Ойларының ұтқырлығы үшін», «Ізденімпаздық қабілеті үшін», «Шығармашылық ізденістері үшін» дипломдарына ие болды.

 


Ғылыми-зерттеу жұмысының жылдық есебі 2018 ж

592
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler