қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2013

«ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ ҚАСІРЕТІ» АТТЫ АКЦИЯ

Абай атындағы ҚазҰПУ, Құқық және экономика институтында институттың тәрбие жұмыстарының 2013-2014 оқу жылын жасалған жоспарына сәйкес, 2013 жылдың қараша айының 14 жұлдызында институт директорының бастамасымен «15 қараша Дүниежүзілік темекі шегудің алдын алу» күніне орай қызметкерлер мен студенттер арасында «Темекі шегудің қасіреті» атты акция өткізілді. Акция мақсаты: «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін институт студенттеріне темекі түтінінің адам ағзасына тигізер зияны мен зардабы туралы насихаттау. Акцияға қонақ ретінде университеттің Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы А.Ү.Абдықалықов, «Анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Ш.А.Балғынбеков арнайы шақырылды. Акцияға шақырылған қонақтар мен институт қызметкерлері және студенттер белсене қатысты. Студенттік өзін-өзі басқару құрамының ұйымдастыруымен студенттерге темекі шегудің зияндылығы мен ағзаға берер зардабын түсіндіретін көптеген жарнамалар ілініп, таратылып, теледидар арқылы фильмдер көрсетілді. Акция барысында институт директоры Т.Т.Балашов, қонақ ретінде қатысқан университетіміздің «Анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі Ш.А.Балғынбеков, директор орынбасарлары: М.А.Канабекова, Е.М.Тилеубердиев, Ғ.Ш.Битұрсын, кафедра меңгерушілері: Е.Е.Дүйсенов, Б.Д.Иманбердиев, Б.Х.Төлеубекова, Ж.Қ.Орынтаев, Ә.С.Смағұлов, профессор Е.К.Калдыбаев және т.б. институт оқытушылары мен студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстар мен шешімдер қабылданды. Институт студенттері акцияның қорытындысын «БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ТАҢДАЙМЫЗ» деген ұранмен аяқтады.

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler