қазақша · русский · english
 
 
 
26.11.2018

«Аялы алақан» қайырымдылық акциясы

 

2018 жылдың 24 қарашасында Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен студенттер «Орбита-3» ықшам ауданында орналасқан «№1 Балалар үйіне» барып, «Нұршуақ» жан жылуы ұйымының қайырымдық акциясына қатысты. Аталмыш қорда Жаратылыстану және география институтының белсенді волонтёр-студенттері жұмыс жасайды.

 

Қайырымдық акция университеттің №1 оқу ғимараты мен №2 жатақханасында өтіп, оған профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты. Жиналған қаражат «№1 Балалар үйінің» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Сағатбекқызымен ақылдаса отырып, балалардың Халықаралық, Республикалық қолөнер, сурет және түрлі шеберлік бұйымдар сайысына қажетті құралдар алуға жұмсалды. Балалардың жасалған еңбегі қазіргі таңда көптеген көрмелерге қойылған. Он саусағынан өнер тамған балақайлардың өнеріне студенттеріміз куә болып қайтты.

 

«№1 Балалар үйінің» ұжымы акцияны ұйымдастырған студенттерге шексіз алғыстарын білдірді.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler