қазақша · русский · english
   
 Косов Владимир Николаевич
«Физиканы оқыту технологиялары және қолданбалы зерттеулер» ғылыми зертхананың меңгерушісі
ф-м.ғ.д., профессор, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының, Қазақстанның Ұлттық жоғары мектеп академиясының академигі, Жаратылыстану ғылымдарының Ресей академиясының шетелдік мүшесі
Қазыбек би көшесі, 30, каб.212
 +7 (727) 91-29-72
scftar_kaznpu@mail.ru

 

Қолданбалы зерттеулер мен функционалдық технологиялар ғылыми орталығы Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының 2017 жылғы 16 қазандағы бұйрығы (бұйрық N 714 х/к 16 қазан 2017 ж.) негізінде ҚР 2016-2019 жж. білім мен ғылым дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылды. Ғылыми орталық Абай атындағы ҚазҰПУ инновациялық парк құрамына кіреді.


Ғылыми орталық жаратылыстану, техникалық және педагогикалық ғылым салаларының келесі бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізумен айналысады:
- Физика, физиканы оқыту әдістемесі;
- Энергетика;
- Биология, география, экология.


Осы бағыттар аясында жылу физикасы мен радиациялық физиканың, физикадағы білім беру технологиялары, материалтану, нанотехнология, энергия үнемдеу және жаңартылатын энергия көздері, жасыл энергетика, биологиялық қауіпсіздік, экология және географияның өзекті ғылыми мәселелері шешіледі.


Ғылыми орталықтың іс-әрекеті ғылыми зерттеулер мен қолданбалы жұмыстарды ұйымдастыру мен орындауға, сонымен қатар ғылыми мен техниканың ең үздік жетістіктерін жоғары және орта білім берудің оқу процесінде пайдалануға және т.б. бағытталған. Ғылыми орталық Абай атындағы ҚазҰПУ кафедраларына жоғары білікті кадрлар дайындауда, білім беру саласына ғылыми зерттеулер нәтижелерін және жаңа функционалдық технологияларды құрастыру мен енгізуге көмектесуге бағытталған.