қазақша · русский · english
 
 
 
25.09.2018

Жас ғалымдарға арналған семинар


Жас ғалымдарға арналған әдіснамалық семинар мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының магистранттар мен докторанттарының ғылыми жұмыс құрылымын жан-жақты зерттеу үшін ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта кафедрада 30 магистрант және 11 докторант тұрақты ғылыми ізденуде.

 

2018 жылдың 21 қыркүйек күні өткен семинардың мақсаты жас мамандарды ғылыми және әдіснамалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

 

Семинар барысында білім беру жүйесіндегі зерттеу жұмысының жаңа және тиімді механизмдерін іздеуді ұйымдастыру, психологиялық-педагогикалық зерттеулерге кіріспе, ғылыми аппаратына талдау жасалды. Осы орайда зерттеушілер есебінде ғылыми зерттеу жұмыстарыңыздың өзектілігін айқындау, қарама-қайшылығын дұрыс көрсете алу, жұмыстарының пәні мен объектісін, болжамын анықтауда әдіснамалық кеңес ұсынды.

 

Әдіснамалық семинардың бас модераторы педагогика және психология институтының оқытушысы п.ғ.к., доцент Жүмагүл Тасжүрекова және көмекші асисстенттер педагогика ғылымдарының магистрлері Сағыныш Ошақпаева мен Сауле Еркебаева.

 

Жалпы әдіснамалық семинар қазіргі таңдағы мектепке дейінгі білім беру аясындағы бірнеше мәселелер талқыланып ғылми кеңес қызықты өткізілді. Қорытындыда ғылыми-әдістемелік семинардың қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды, онда психологиялық-педагогикалық зерттеу мәселелері, Зерттеу әдістері, экспериментті жоспарлау және өткізу кезеңдері қарастырылды.

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler