қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
 
 
26.12.2022

Өзбек педагогикалық институтының оқытушылары Абай университетінде өндірістік тәжірибеден өтуде

 

Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылар тобы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бір айлық тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама барысында қонақтарды облыс пен саладағы озық тәжірибелермен танысу, заманауи білім беру технологияларымен танысу, оларды білім беру процесінде пайдалану бойынша біліктілігін арттыру күтіледі.


Қазіргі уақытта ЖОО кафедралары бойынша бөлінген 21 оқытушы тағылымдаманы белсенді жалғастыруда. Атап айтқанда, Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетінің шақырылған оқытушылары Ш. Қамбарова (PhD), К.Бахриддинов және К.Кәрімов «М01601 - Тарих» мамандығының студенттер мен магистрлердің қатысуымен семинарлар өткізді. Олар Қожа Ахмад Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Алматы филиалында өткен «Екінші республика: өткеннің сабақтары, болашақтың тұғыры» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға, сондай-ақ «Мирзиеевтің билігі кезіндегі Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік дамуы» конференциясына қатысты. Олар Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар, соңғы жылдары қол жеткізілген экономикалық көрсеткіштер, қолайлы инвестициялық ахуал және шетелдік инвесторлар үшін жасалған мүмкіндіктер туралы ақпарат берді.

 

Бүгінгі таңда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тағылымдамадан өтіп жатқан тарих факультетінің оқытушылары Ш. Қамбарова, Қ.Бахриддинов және Қ.Кәрімовтің екі университет арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту мен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі университет басшылығы тарапынан жоғары бағаланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу