қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
01.11.2011

Үстіміздегі жылы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына 170 жыл толады.

«Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар», -

деп қазақ балаларын оқу-білімге шақырған Ы.Алтынсарин XIX ғасырдың өзінде-ақ қазақ сахарасында ілім-білім ұрығын шашуға өлшеусіз үлес қосқан еді. Ауылда мектеп аштырып, шәкірттеріне арнап оқулықтар жазған Ы.Алтынсарин ұлтымыздың ұлы ұстазына айналды. Білім беру инспекторы болып қызмет атқарған жылдарында Қостанай, Торғай өңірлерінде ондаған қазақ мектептері ашылды. Оның балаларға арналған өлеңдері мен өнегелі әңгімелері қазақ әдебиетінің классикалық үлгісіне айналып, алтын қорымызға қосылды. Ы.Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасы» атты еңбегі дінтануға қосылған сүбелі дүние болды.
«Өнер-білім бар жұрттар, тастан сарай салғызған, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызған» деп қазақ елін Еуропаның білімді елдерінне теңестіруді армандаған Ұлы педагогтың арманы бүгін жүзеге асып отыр.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ы.Алтынсариннің 170 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт ұстазы - Ыбырай» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді. Кешті университет ректоры Серік Жайлауұлы Пірәлиев ашы берді.
«Ы.Алтынсаринн және миссионерлік» тақырыбында филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы Мырзахметов, «Ұлы ұстаз өнегесі» тақырыбында Алматыдағы Ы.Алтынсаринн атындағы № 159 мектеп-гимназиясының директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Төреқызы Миразова, «Ыбырай ата-туыстары туралы» Тұран университетінің профессоры Гүлжаһан Ыдырысқызы Қасымжанова, «Ы.Алтынсарин және оның шәкірттері» тақырыбында педагогика ғылымдарының докторы, Ыбырайтанушы Гүлжанат Еркінқызы Рысбекова баяндама жасады.
Кеште Ы.Алтынсарин шығармаларынан әдеби монтаж, сахналық көріністер көрсетіліп, Ы.Алтынсарин мұраларына арналған көрме ұйымдастырылды.

 

 



1343

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler