қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2020

Абайдың 175 жылдығына арналған тәрбие сағаты

2020 жылы​ 26 сәуірде​ ​ Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай​ ​ Педагогика және психология институты бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы «Пәнсіз мамандандыру мұғалімдерін дайындау көптілді білім берумен» мамандығының 1 курс​ көптілді топ студенттерімен (эдвайзер Р.С Исмагулова)​ «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»​ тақырыбында​ Zoom платформасы арқылы​ тәрбие сағатын өткізді.​

Тәрбие сағатының мақсаты - ұлы ақынның рухани мұрасы мен даналығына деген құрмет пен қызығушылықты ояту және Абай шығармаларының жас ұрпақ үшін маңыздылығын көрсету, сонымен қатар оның өлеңдерін мәнерлеп оқу.​

 

Тәрбие сағаты барысында​ студенттер Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Беркимбаева Тотының Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсың» және Абайдың 6-шы қара сөзін мәнерлеп оқығанын тыңдады және студенттер өздері де Абай өлеңдерін оқыды.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler