қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.06.2019

«Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері»

Бірінші халықаралық форум

 

2019 жылы 20-21 маусымда «Rahat Palaсe Hotel» қонақ үйінде «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» Бірінші халықаралық форумы өткізіледі.

 

Мақсаты - қоғамның назарын педагогикалық білім берудің заманауи трендтеріне аудару, республикадағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін жетекші халықаралық инновациялық технологияларды тарату.

 

Форумның міндеттері:

1. Заманауи білім беру мәселелерін бірлесіп талқылауға әлемдік зерттеу орталықтарын тарту;

2. Қазақстандағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы трендтерін дамытуға жәрдемдесу;

3. Білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы халықаралық білім беру технологияларымен және бірегей оқыту әдістемелерімен тәжірибе алмасу және танысу;

4.Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың жаңа түрлерін дамыту;

5. Республикада педагогикалық білім беру трендтерін дамыту бойынша тиімді шешімдер іздеу және ұсыныстар әзірлеу;

6. Инновациялық білім беру технологиялары және оқыту әдістері бойынша Ұлттық сараптау кеңесін құру.

 

Форумның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы, Республикалық білім беру Альянсы, «ДИАЛОГ» аудармашылар Одағы» қоғамдық бірлестігі (Қазақстан).

 

Форумға қатысуға білім беру басқармаларының, біліктілікті арттыру жүйесінің басшылары мен өкілдерін, білім беру ұйымдарының мұғалімдерін, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларын, магистранттар мен докторанттарды шақырамыз.

 

Өткізілетін орны: Алматы қ.,Сәтбаев көш., 29/6, Rahat Palaсe Hotel

 

Байланыс тел.:

+7(727) 273-85-79, +7(727) 291-36-92

+7-701-724-2182, +7-771 300-2171, +7-747-416-5076

e-mail: pedforum_sovr.trendy@bk.ru 

 

Ақпараттық хат


Бағдарлама

 



201

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler