қазақша · русский · english
 
"Шапағат" студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы
 
 

 

 Сейлханов Тимур Абдрашұлы
«Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры

Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 30
 291 64 97
centershapagat@mail.ru

 

 

2017 жылдың 30 қарашасынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығы жұмыс жасауда.

 

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және білім беру жүйесін өзгерту туралы тапсырмаларды орындау аясында және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен ҚазҰПУ-дың Байқау кеңесінің шешіміне сәйкес, «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығы құрылды.

 

«Шапағат» орталығының негізгі міндеттері - білім алушыларға оқу-білім саласында, әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-демалыстық, сауықтыру бағытында уақтылы «Бір терезе» режимінде көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру.

 

«Шапағат» орталығының көрсететін қызмет түрлері: студент кеңсесі, тіркеуші кеңсесі, академиялық мобильділік секторы, мансап орталығы, бухгалтерия, паспорт үстелі, әскери - жұмылдыру бөлімі.

 

Студент кеңсесінің қызметтері:

- мұрағаттық және академиялық анықтамалар беру;

- нақты студентке байланысты дайын хаттарды беру;

- диплом телнұсқасын беру;

- диплом қосымшаларының телнұсқасын беру;

- университет факультеттерін студенттік билетпен қамтамасыз ету;

- архивтік және академиялық анықтама беру.

 

Тіркеуші кеңсесінің қызметтері:

- оқу пәндеріне тіркеу және қайта тіркеу;

- білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алу;

- транскриптерді беру;

- пәндерді, кредиттерді қайта есептеу;

- академиялық қарыздарды жою;

- студенттер мен ОПҚ-ға кеңес беру.

 

Академиялық мобильділік секторының қызметтері:

- шетелдік студентер, ұстаздар мен профессорларды тұрғылықты орны бойынша уақытша немесе бір оқу жылына тіркеу және қайта тіркеу;

- ҚР визасын алу үшін студенттерге, ұстаздарға және профессорларға шақыру алып беру;

- шетелдік жоғары оқу орындарын таңдауда және құжаттарды рәсімдеуде кеңес беру;

- шетелдік университеттен университет атынан шақыру алу үшін ресми хат ұсыну.

 

Мансап орталығының қызметтері:

- жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде студенттерге бос жұмыс орындары туралы кеңес беру;

- бітіруші түлектерге жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру;

- мемлекеттік грант және ауылдық квота негізінде бітіретін түлектерден міндетті жұмыс өтілімі бойынша келісім-шарттарды қабылдау және тіркеу (ҚР БҒМ үшін); - басқа білім беру ұйымдарына қайта бөлінген түлектерден қажетті құжаттарды жинау және  хаттамаларын дайындау.

 

Бухгалтерия:

- жетім балаларға, қамқорлықтағы балаларға жәрдемақы, студенттерге, шәкіртақы, іссапарға кеткен студентте, магистарнттар мен докторанттарға төлемақы тағайындау, аудару және төлеу;

 - аванстық есептер қабылдау;

- жатақханаға, оқу төлемін және төлем қайтару мәселелері бойынша студенттерге кеңес беру;

- табыстары бойынша анықтама береді.

 

Паспорт үстелі қызметтері;

- тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу (ХҚКО);

- уақытша тіркеуден алып тастау.

 

Әскери - жұмылдыру бөлімінің қызметтері:

- әскери есепке тіркеу;

- әскери есептен алып тастау;

- нөмір 3 анықтамалар-қосымшалар беру.

 

 

Жұмыс уақыты: 9.00-дан 18.00 дейін үзіліссіз, жұмыс күндері 

 

656
 
 
 
 
 
Besucherzahler