қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
02.05.2019

«Өмірлік миссиясы» семинар-тренингі өтеді

 

2019 жылдың 3 мамырында, сағат 17.00 -де «Өмірлік миссия» тақырыбында семинар-тренинг өтеді. Тренингті Халықаралық Эриксон университетінің сертификатталған коуч-тренері Ақан Мергембай жүргізеді.

 

Тренинг миссия ұғымымен кеңірек танысуға, оның маңыздылығын түсінуге арналған. Сондай-ақ, коучинг технологияларын пайдалану арқылы өзіңіздің өмірлік миссияңызды анықтай аласыз. Миссияны білу - адамның өмірін жүйелеуге, дұрыс мақсат қоюға, кесімді шешім шығаруға көмектеседі.

 

Ұйымдастырушы: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогикалық шеберлік академиясы.

 

Өтетін орны: Абай университетінің бас оқу ғимаратының кіші конференц-залы (Достық, 13, 202 ауд.)

 



810

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler