қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.04.2019

«Startup Bolashak: Менің Арманым» стартап-жобалар конкурсы

 

Қазақстан Респбликасы Білім және Ғылым министрлігі телевизиалық жоба форматында «Startup Bolashak: Менің Арманым» конкурсының 4-маусымы басталғандығы туралы хабарлайды.

 

Мақсаты - еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінде алдыңғы қатарлы білім мен озық технологияларды қолдануға, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жас кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызды бизнес-бастамаларын қолдау.

 

Қатысушылар: 16-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер.

 

Конкурстың кезеңдері.


Іріктеу кезеңі. Мерзімі - мамыр айына дейін. Қатысушылар онлайн өтінім беріп, кестеге сәйкес өткізілетін өңірлердегі іріктеуге қатысады. Қатысушылар санына шектеу жоқ. Үміткерлерге тренинг өткізіліп, олар өз жобаларын қорғайды. Менторлар ширек финалға жолдама алатын стартапшыларды іріктеп алады.

 

Ширек финал. Бұл кезеңде іріктеуден өткен үміткерлер Алматы, Атырау, Шымкент, Павлодар, Қарағанды қалаларына шақырту алады (өз аймағына қарай). Олар үшін дайындық тренгинтері жүргізіледі. Ширек финалға дейін қатысушылар прототип дайындауы қажет. Жобалар қорғалған соң әділ-қазылар алқасы 150 жобаны таңдап алады. Олар бейнеролик түрінде онлайн іріктеуден өтеді. Онлайн іріктеу нәтижесінде 32 қатысушы телевизиялық ойындарға қатысу үшін таңдалып алынады.

 

Жартылай финал. Бұл кезеңде іріктеліп алынған 32 жоба байқаудың телевизиялық түсіріліміне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына шақыртылады. Қатысушылар үшін көпшілік алдында сөйлеу мәнері мен презентация әзірлеу бойынша тренингтермен, телевизиялық түсірілмге дайындық басталады. 16 қатысушы іріктеліп алынады.

 

Финал. Жартылай финалға өткен 16 үміткер Нұр-Сұлтан қаласында телестудияда өтетін телевизиялық ойындарға қатысады.

 

Ең мықты 4 жоба байқаудың супер финалына өтіп, бірінші орынға бақ сынасады.

 

Суперфинал. Байқаудың 4 финалисі жобаларын таныстырады. Үшінші кезең жеңімпазы анықталады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін коммерциализациялау бөлімі Алматыдағы осы жобаның үйлестірушісі болып табылады.

 

Байланыс деректері: Казыбек би 30, корпус № 1, 218 кабинет. Тел.: 291-64-58

 

Өтініш беру үшін немесе жоба туралы толық ақпараталу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

 

 



108

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler