қазақша · русский · english
 
 
 

 

2011 жылдан бастап шетел азаматтары мен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бойынша филология мамандықтарын оқыту кафедрасы жанынан (TORFL -Test of Russian as a Foreign Language) халықаралық сертификаттау дайындық орталығы ашылды.

Орталық шет тілі ретінде орыс тілінің тиісті деңгейіне сәйкес Ресей Федерациясының мемлекеттік сертификатын алу үшін шет мемлекеттердің азаматтарын орыс тілінде сертификатталған тестілеуге дайындауды жүзеге асырады.

Орталық халықаралық стандарттарға сәйкес ALTE Еуропалық Ассоциациясының емтихан алқалары бекіткен, шетел азаматтарын орыс тіліне үйретеді.

Орталықта білім беретін оқытушылар М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқудан өткен және Testori сертификаттары бар.


Орталық тыңдаушылары сертификаттау емтихандарын сәтті тапсырады.

Топтарда аптасына 2-3 рет 10 деңгейге байланысты сабақ өткізіледі.

Оқу мерзімі: 1 айдан 9 айға дейін.

2019/2020 оқу жылына оқу ақысы: 1 ай - 50 000 теңге.

Оқу жылы осы жылдың 1 қыркүйегінде басталады.

Орталықта орыс тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тест тапсыруға болады.

Байланыс: Казабеева Виталия Алексеевна, +77013513449, vitaliya.78@mail.ru 

 

         

 

         

 

         

 

         

 

Филология кафедрасының,  шетел азаматтары және жоғарғы оқу орнына дейінгі мамандар дайындығы  бойынша студенттері Юн Хесон (3 курс), Ким Сонгджи (2 курс), сонымен қатар, Халықаралық сертификаттауға дайындау курсының тыңдаушылары Пак Сольи және Иева Клапатауските, Ресейқауымдастығы ұйымдастырған «Пушкинді оқимыз»- атты халықаралық жобасына қатысты.

 

(https://www.youtube.com/watch?v=gtuC7pzjgGY;https://www.youtube.com/watch?v=Ebq4MQ3FVFk;

 https://www.youtube.com/watch?v=APeVeAhlBPE;  https://www.youtube.com/watch?v=BAqkGsl0jGY).

 

Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының консулдығы, қатысушы студенттермен тыңдаушыларды қатысушылар дипломымен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

 

Студенттер мен тыңдаушыларды аталған жобаға қатысуға дайындағаны үшін,  шетел азаматтары және жоғарғы оқу орнына дейінгі филология мамандарын  дайындау кафедрасының доценті В.А. Казабеева Ресей Федерациясы Бас консулының алғыс хатымен белгіленді.

 

 

 

1383
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler