қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
28.09.2011

2011жылдың 22 қыркүйегінде Абайдың атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетiнің Тарих факультетінде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Толеранттылық мәдениет Қазақстан Республикасындағы полиэтникалық қоғамының даму шарты» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиын Тарих факультетінің жанынан ашылған Толеранттылық ғылыми- білім орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Дөңгелек үстелді -өткізудегі мақсат: Студенттерге «толеранттылық» ұғымы мен осы терминнің гуманитарлық білім салаларында үйлесімділік ерекшеліктерін тереңірек түсіндіруге ықпал ету болды.
Осы шараны өткізу барысында төмендегідей міндеттерді шешу жоспарланды:
- толеранттылық туралы қазіргі заман ғылымының берген түсініктемесін және негізгі концепцияларын қарау, талдау жүргізу;
- гуманитарлық білімнің әр түрлі бағытын ұстанушылардың арасында ғылыми диалог жүргізу, мәселен қазіргі қоғамдағы толеранттылық мәселелері бойынша студенттер мен оқытушылардың арасындағы диалог;
- факультет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамында ұлтаралық қауымдастық аясында ғылыми диалог пен мәдениетті өрбіту;
- халықаралық қауымдастықтағы толеранттылық және Қазақстан Республикасындағы толерантты қоғамды дамытудың алғы шарттары, тұрақты әрі берік қоғам қызметінде толерантты бастаманы қолдау мәселелері, толерантты қоғам құрудағы этникалық, мәдени және діни факторлардың рөлі, толерантты қоғамның құрылу шарттарын талдау.
Дөңгелек үстелге Бахтияр Мәкен - Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының бастығы, Әбжанов Х.М. - т.ғ.д., профессор Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, Нұртөре Жүсіп - «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің директоры. бас редакторы, Қали Сәрсенбай - «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газетінің директоры-бас редакторы, Нұрлан Ерімбетов - «Астана» каналының «Ашық студия» бағдарламасының жетекшісі, Әзімбай Ғали - ә.ғ.д., Каспий қоғамдық университінің профессоры, Асылы Осман - ф.ғ.к., доцент, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, Омарбеков Т.О.-т.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, Борбасов С.М - с.ғ.д., профессор Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің Қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, Мирзоев К.И. - ф.ғ.д., профессор Қазақстан халқы Ассмблеясының мүшесі, Кан Г.В. - т.ғ.д., профессор Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, Құнапина Қ.Қ - Алматы қалалық білім жетілдіру институтының қоғамдық пәндерді оқыту кафедрасының меңгерушісі , Әлғожаева Н.С. - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің педагогика және психология кафедрасының доценті және т.б. қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстелдің жұмысын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры, х.ғ. д., профессор Ермағанбетов М.Е. жүргізді.
Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих факультетінің «Толеранттылық ғылыми-білім беру орталығының» директоры, т.ғ.к., доцент Ж.Нұрманбетқызы «Тәуелсіз Қазақстанда толеранттылықтың қалыптасуы мен дамуы»атты тақырыпта баяндама жасап, қазіргі қазақстан қоғамындағы толеранттылықты қалыптастыру және даму кезеңдерін және оның мәнін ашып көрсетті. Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д. Ғ.Қ.Кенжебаев дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, қазіргі қазақстан қоғамындағы толеранттылық мәселелерінің өзектілігін, толеранттылық негіздерін оқытудың негізгі бағыттарын анықтау қажеттілігін алға тартты.

 


 



815

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler